Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру талаптары мен қағидаларын бекіту туралы
2024 жылғы 18 маусымда «Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру талаптары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) ашық қолжетімді орналастырылды.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, Қаржы нарығын реттеу және Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасының мақсаты банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру талаптары мен қағидаларын бекіту болып табылады.
Қаулы жобасында банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру талаптары мен қағидаларын бекіту туралы талабы белгіленген.
Қаулы жобасының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында және "ашық НҚА" порталында сілтеме бойынша танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15091886
Жоба қазір қоғамдық талқылау сатысында.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -