Банктер мен МҚҰ кредит алуға өтінімдер туралы деректерді нақты уақыт режимінде беретін болады: Алматы қаласы, 21 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Банктер мен МҚҰ кредит алуға өтінімдер туралы деректерді нақты уақыт режимінде беретін болады

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) «Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Басқарманың 2024 жылғы 16 тамыздағы № 52 қаулысын қабылдады.

Қаулы ағымдағы жылғы 19 маусымда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру үшін қабылданды.

Қаулыға сәйкес банктер, микроқаржы ұйымдары (бұдан әрі – МҚҰ) клиенттердің қарыз шартын жасасуға өтініштері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға нақты уақыт режимінде беруге міндетті. Мәліметтерде жеке тұлғаның ЖСН-і, банктік қарыздың/микрокредиттің сомасы мен мақсаты көрсетіледі.

Сонымен қатар Кредиттік бюролар нақты уақыт режимінде клиенттің кредиттік есебінде жеке тұлғаның банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды белгілегені не алып тастағаны туралы ақпаратты көрсететін болады. Кредиттерді алудан ерікті бас тартуды белгілеу немесе алу азаматтарды алаяқтардан қорғауға және қарыз алушының хабарынсыз кредиттерді ресімдеу жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді, сондай-ақ ерікті бас тарту болған кезде кредиттік ұйыммен жалған кредиттің пайда болуынан қорғайды.

Өзгерістер кредиторларға азаматтардан түрлі банктерге/МҚҰ-ға бір уақытта өтініш беру туралы ақпаратқа ие болуға және «кредиттік шопингтің» болмауына мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы ақпаннан бастап азаматтардың электрондық үкімет порталында кредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын белгілеу құқығы заңнамалық түрде енгізілді. Бүгінгі күні 461 мың азамат кредит алудан өз еркімен бас тартуды ресімдеді.

Заңмен 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап кредиторлардың азаматтардың кредит алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу кезеңінде заңсыз ресімделген кредиттері бойынша борышты есептен шығару міндеті қосымша енгізіледі.

2024 жылғы 20 тамыздан бастап клиентті биометриялық идентификаттаусыз электрондық банктік қарыздар мен онлайн микрокредиттер беруге тыйым салынады. Осы күннен бастап кредиторлар алаяқтық кредиттер бойынша тергеу іс-шараларын жүргізудің барлық кезеңіне сыйақы есептеуді және талап-арыз жұмысын тоқтата тұруға міндетті болады. Бұл ретте клиентке қойылатын талаптар клиенттің қатысуынсыз алаяқтық тәсілмен қарызды ресімдеу фактісі анықталатын заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тоқтатылуға тиіс.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089

press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар