БАР ЖАҚСЫЛЫҚ – БАЛАЛАРҒА!
Облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
1 Маусым – Балаларды
қорғаудың халықаралық
күніне арналған құттықтауы
Құрметті ата-аналар, қадірлі балалар!
1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Бала – біздің болашағамыз, еліміздің ертеңі. Оларға қамқорлық жасап, өмірін, денсаулығы мен құқығын қорғауға, еркін өсіп, алаңсыз білім алуына, жан-жақты дамуына барынша жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Осы мерекеде ата-аналарға, ұстаздарға, келешек ұрпақтың тәрбиесіне бүкіл саналы ғұмырын арнап жүрген барша азаматтарға шын жүректен алғысымды айтамын.
Биылғы жазғы маусымда облысымызда мектеп оқушылары үшін танымдық, сауықтыру демалыс бағдарламалары ұйымдастырылып, оған 102 мыңнан астам бала тартылуда.
Балалар жазғы мерзімде жаңа достар тауып, білімдерін еселеп, демалысты қызықты да пайдалы өткізеді деп сенемін.
Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, оқуда жаңа жетістіктер, баянды болашақ тілеймін!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -