Барлық өңірлерде «Қызмет алушылар күні» өтті
Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру аясында құжаттандыру саласында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру бойынша «Қызмет алушылар күні» өткізілді. «Қызмет алушылар күні» еліміздің барлық өңірлерінде бірыңғай форматта өтіп, оған 1300-ден астам азамат қатысты.
Шара барысында Көші-қон қызметі, Әкімшілік полиция және жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері қызмет алушыларға құжаттама саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, оның ішінде паспорттар, жеке куәліктер, жүргізуші куәліктері, сондай-ақ әскери билет беру рәсімдерін түсіндірді.
Азаматтарды әсіресе құжаттарды қалпына келтіру, көлік құралын қайта жабдықтау және 27 жасқа толған азаматтарға әскери билеттер беруге қатысты сұрақтар қызықтырды.
Сондай-ақ қызмет алушылар құжаттандыру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.
Мысалы, құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталатын тұлғалар үшін SMS хабарлама жіберу арқылы мемлекеттік қызметті проактивті түрде көрсету, ал көлік құралдарын қайта жабдықтау кезінде «төленбеген айыппұлдың болуын» бас тартуға негіз қылуды қысқарту ұсынылды. Агенттікпен қызмет алушылардың аталған ұсыныстары қарау үшін тиісті уәкілетті органдарға енгізілетін болады.
Сонымен қатар, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу құқықтары, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға қызмет берушілердің шешімдеріне шағымдану тәртібі түсіндірілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -