Батыс Қазақстан облысында алғаш рет газға жеңілдік беретін цифрлық ваучерлер жүйесі енгізілді: Батыс Қазақстан облысы, 22 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында алғаш рет газға жеңілдік беретін цифрлық ваучерлер жүйесі енгізілді

«Әлеуметтік әмиян» бағдарламасы бойынша пилоттық жоба аясында Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) пен тұрғын үй көмегін (ТК) алатын 840 тұрғын газға жеңілдік алу үшін цифрлық ваучерлерді пайдаланды. Жеңілдік мөлшері 24%-ды құрады. Жобаны жүзеге асырудың алғашқы айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласы мен БҚО-ның 2 573 азаматына көмек көрсетілді.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсанына дейін жеңілдік беру механизмі қолмен жүзеге асырылды: алушылардың тізімдерін әкімдіктер жіберіп, олардың деректері абоненттер базасымен салыстырылды. Алайда, мекенжай ауыстыру, деректердегі қателіктер немесе меншік құқығының болмауы сияқты факторлардың салдарынан көмекке мұқтаж кейбір азаматтар көмек ала алмады. 2024 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «QazaqGaz Aimaq» АҚ қолдауымен eGov Mobile қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» арқылы жаңа цифрлық механизм енгізілді.

Енді процесс автоматтандырылды:

Азаматтарға 1414 нөмірінен жеңілдік туралы ақпараты бар SMS-хабарлама келеді. Қатысуды растау үшін азаматтар өздерінің жеке шоттарын көрсетеді.

Бұл тәсіл бірқатар қателіктерді жояды және көмектің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, процесті едәуір жылдамдатады.

Пилоттық жоба аясында цифрлық тәсілді енгізу әлеуметтік қолдауды дамытудағы маңызды қадам болды. «QazaqGaz Aimaq» АҚ әрбір мұқтаж азаматтың көмекті алуын қамтамасыз ету үшін мониторинг пен жүйені жақсартуды жалғастырады.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысының газдандыру деңгейі 99,8%-ды құрайды. Газ құбырларының жалпы ұзындығы – 10 063 км. Газды тұтынушыға қауіпсіз әрі үздіксіз жеткізу үшін «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның БҚО өндірістік филиалының 536 қызметкері қызмет көрсетеді.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Западно-Казахстанской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

«Әлеуметтік әмиян» бағдарламасы бойынша пилоттық жоба аясында Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) пен тұрғын үй көмегін (ТК) алатын 840 тұрғын газға жеңілдік алу үшін цифрлық ваучерлерді пайдаланды. Жеңілдік мөлшері 24%-ды құрады. Жобаны жүзеге асырудың алғашқы айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласы мен БҚО-ның 2 573 азаматына көмек көрсетілді.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсанына дейін жеңілдік беру механизмі қолмен жүзеге асырылды: алушылардың тізімдерін әкімдіктер жіберіп, олардың деректері абоненттер базасымен салыстырылды. Алайда, мекенжай ауыстыру, деректердегі қателіктер немесе меншік құқығының болмауы сияқты факторлардың салдарынан көмекке мұқтаж кейбір азаматтар көмек ала алмады. 2024 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «QazaqGaz Aimaq» АҚ қолдауымен eGov Mobile қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» арқылы жаңа цифрлық механизм енгізілді.

Енді процесс автоматтандырылды:
Азаматтарға 1414 нөмірінен жеңілдік туралы ақпараты бар SMS-хабарлама келеді. Қатысуды растау үшін азаматтар өздерінің жеке шоттарын көрсетеді.
Бұл тәсіл бірқатар қателіктерді жояды және көмектің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, процесті едәуір жылдамдатады.

Пилоттық жоба аясында цифрлық тәсілді енгізу әлеуметтік қолдауды дамытудағы маңызды қадам болды. «QazaqGaz Aimaq» АҚ әрбір мұқтаж азаматтың көмекті алуын қамтамасыз ету үшін мониторинг пен жүйені жақсартуды жалғастырады.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысының газдандыру деңгейі 99,8%-ды құрайды. Газ құбырларының жалпы ұзындығы – 10 063 км. Газды тұтынушыға қауіпсіз әрі үздіксіз жеткізу үшін «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның БҚО өндірістік филиалының 536 қызметкері қызмет көрсетеді.

Аймақтағы жаңалықтар