Батыс Қазақстан облысында кезекте тұрған тағы 12 ауыл тұрғыны баспаналы болды
БҚО Жаңақала ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 12 ауыл тұрғыны баспаналы болды.
Тұрғындарға жаңа үйлердің кілттерін облыс әкімі Нариман Төреғалиев табыстады.
Жаңақала ауданың тұрғыны, көпбалалы ана Маржан Шамелова бірнеше жыл бойы үй кезегінде тұрған.
“Көптен күткен үйімізге қол жеткіздік. Жаңа, кең, жарық баспанаға бала-шағамызбен кіріп, қуанып отырмыз. Ауылымыздың да сәні кіріп, жаңа үйлер салынып жатыр. Мемлекет басшысына қарапайым ауыл тұрғындарына көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз”- деді ол.
Биыл Батыс Қазақстан облысының 50-ден астам ауылдарында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 758 үй салынуда. Осы үйлердің үйдің 400-ге жуығы табысталды. Қалғаны жыл соңына дейін беріледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -