БАУЫРЛАС ХУДЖАНТТА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ Х-ШЫ САУДА ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТТІ
Шымкент қаласымен бауырлас Худжанд қаласында 17-19 маусым күндері «Сугд 2024» Х-шы халық аралық сауда жәрменкесі өтті.
Іс-шара аясында Қазақстанның Тәжікістандағы елшісі Уалихан Әмірханұлы, қала әкімінің бірінші орынбасары Куаныш Жұмабекұлы, Соғды облысынын төрағасы Раджаббой Ахмадзода мырзамен және Худжанд қаласының төрағасы Шарифзода Фирдавс мырзамен келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында Шымкент пен Худжанд қалалары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті, экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар, «Сауда-инвестициялык, мүмкіндіктер және ынтымақтастықтын әлеуеті» бизнес-форумында Шымкенттің инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективалары Өзбекістан, Әзірбайжан, Қытай, Ресей елдеріне және халықаралық, қаржы ұйымдарына таныстырылды.
Қаланың атынан сауда жәрмеңкеге кілем және кілем бұйымдарын шығаратын «Бал Текстиль» тоқыма кәсіпорны, аяқ киім шығарумен айналысатын «Lux Shoes» фабрикасы, «GraMaD retail», «Маркет» сауда желілері және «Колесников» көкөніс өндірісі өздерінің өнімдерін паш етті.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша Шымкент қаласынан келген бизнес делегация 5 коммерциялық кұжатқа және жалпы сомасы 400 мың АҚШ долларын құрайтын 1 келісімшартқа қол қойды.
Қаламыздың сыртқы байланыстар бағытын одан әрі жандандыру жұмыстары өз жалғасын табады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -