Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады: Жетісу облысы, 28 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар үй, жұмыспен қамту, инфрақұрылымды дамыту, денсаулық сақтау саласындағы медицина мамандарының біліктілігі туралы мәселелерді көтерді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, Талдықорған қаласының тұрғыны Жанат Ракишева мүгедектігі бар ұлының тұрғын үй кезегі қашан келетінін білгісі келеді. Белгілі болғандай, кезек ретіне қарай ол баспанаға келесі жылы қол жеткізуі мүмкін.

Астана қаласынан бейнебайланыс арқылы қосылған денсаулық сақтау саласының маманы Дина Қарымсақова Жетісу өңіріне жұмысқа тұру әрі үйлі болу мүмкіндіктері жайлы сұрап білді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіровтің айтуынша, өтініш иесінің біліктілігін ескерсек, Жетісудың түрлі аудандары мен Талдықорған қаласында 4 педиатр дәрігердің және 9 инфекционист дәрігердің бос орындары бар. Алайда қызметтік тұрғын үй берілмейді, дегенмен бір реттік төлем ретіндегі әлеуметтік көмек алуға мүмкіндігі бар. Мұндай төлем өңірде медицина кадрларының жетіспеушілігін жою мақсатында осы жылдың басынан бері төленіп келеді.

Талдықорған қаласы Балапанов көшесінің бойындағы көп қабатты үйдің тұрғыны ауладан шығатын жолдың болмауына алаңдаушылығын жеткізсе, облыс орталығының тағы бір тұрғыны балалардың денсаулық сақтау мекемесіндегі дәрігерлердің біліктілік деңгейіне шағымын айтты.

Азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдай келе Бейбіт Исабаев жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, бірқатар мәселелерді жеке бақылауына алатынын айтты.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар үй, жұмыспен қамту, инфрақұрылымды дамыту, денсаулық сақтау саласындағы медицина мамандарының біліктілігі туралы мәселелерді көтерді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, Талдықорған қаласының тұрғыны Жанат Ракишева мүгедектігі бар ұлының тұрғын үй кезегі қашан келетінін білгісі келеді. Белгілі болғандай, кезек ретіне қарай ол баспанаға келесі жылы қол жеткізуі мүмкін.

Астана қаласынан бейнебайланыс арқылы қосылған денсаулық сақтау саласының маманы Дина Қарымсақова Жетісу өңіріне жұмысқа тұру әрі үйлі болу мүмкіндіктері жайлы сұрап білді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіровтің айтуынша, өтініш иесінің біліктілігін ескерсек, Жетісудың түрлі аудандары мен Талдықорған қаласында 4 педиатр дәрігердің және 9 инфекционист дәрігердің бос орындары бар. Алайда қызметтік тұрғын үй берілмейді, дегенмен бір реттік төлем ретіндегі әлеуметтік көмек алуға мүмкіндігі бар. Мұндай төлем өңірде медицина кадрларының жетіспеушілігін жою мақсатында осы жылдың басынан бері төленіп келеді.

Талдықорған қаласы Балапанов көшесінің бойындағы көп қабатты үйдің тұрғыны ауладан шығатын жолдың болмауына алаңдаушылығын жеткізсе, облыс орталығының тағы бір тұрғыны балалардың денсаулық сақтау мекемесіндегі дәрігерлердің біліктілік деңгейіне шағымын айтты.

Азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдай келе Бейбіт Исабаев жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, бірқатар мәселелерді жеке бақылауына алатынын айтты.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Аймақтағы жаңалықтар