Бейбіт жиналыстарды өткізуге шектеулер туралы нормалардың Конституцияға сәйкестігін тексеру жөніндегі Конституциялық Соттың отырысы өтті: Астана қаласы, 17 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Бейбіт жиналыстарды өткізуге шектеулер туралы нормалардың Конституцияға сәйкестігін тексеру жөніндегі Конституциялық Соттың отырысы өтті

Конституциялық Сотқа азаматтың «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның 11-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларының және 14-бабы 1-тармағының 10) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініші келіп түсті.

Даулы нормаларға сәйкес, егер болжамды уақытта және таңдалған жерде басқа ресми немесе бұқаралық іс-шаралар жоспарланған болса немесе құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, жергілікті атқарушы органдар бейбіт жиналыстар өткізуден бас тартуы мүмкін. Сонымен қатар, уәкілетті органдарға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің үздіксіз жұмыс істеуін және инфрақұрылым объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушыларға жиналыстың орнын немесе уақытын өзгертуді ұсыну құқығы беріледі.

Өтініш берушінің пікірі:

Өтініш иесі дауланып отырған нормалар бейбіт жиналыстарды өткізу конституциялық құқықығын бұзады деп санайды, өйткені олар атқарушы органдарға шектеусіз қалау еркіндігін береді және бейбіт жиналыс өткізу құқығын іске асыруға мүмкіндік бермейді.

Өтінішті қарау жөніндегі отырысқа қатысқандар:

Өтініш иесінің өкілдері, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, әділет, мәдениет және ақпарат министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, парламентаризм, заңнама және құқықтық ақпарат институттарының өкілдері.

Баяндамашы судья: Нұрмұханов Б.М.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Конституциялық Сотқа азаматтың «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның 11-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларының және 14-бабы 1-тармағының 10) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініші келіп түсті.

Даулы нормаларға сәйкес, егер болжамды уақытта және таңдалған жерде басқа ресми немесе бұқаралық іс-шаралар жоспарланған болса немесе құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, жергілікті атқарушы органдар бейбіт жиналыстар өткізуден бас тартуы мүмкін. Сонымен қатар, уәкілетті органдарға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің үздіксіз жұмыс істеуін және инфрақұрылым объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушыларға жиналыстың орнын немесе уақытын өзгертуді ұсыну құқығы беріледі.

Өтініш берушінің пікірі:

Өтініш иесі дауланып отырған нормалар бейбіт жиналыстарды өткізу конституциялық құқықығын бұзады деп санайды, өйткені олар атқарушы органдарға шектеусіз қалау еркіндігін береді және бейбіт жиналыс өткізу құқығын іске асыруға мүмкіндік бермейді.

Өтінішті қарау жөніндегі отырысқа қатысқандар:

Өтініш иесінің өкілдері, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, әділет, мәдениет және ақпарат министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, парламентаризм, заңнама және құқықтық ақпарат институттарының өкілдері.

Баяндамашы судья: Нұрмұханов Б.М.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.

Аймақтағы жаңалықтар