Bereke Bank АҚ акционерінің ауысуы туралы: Алматы қаласы, 08 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Bereke Bank АҚ акционерінің ауысуы туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пен Lesha Bank LLC (Public) арасындағы еншілес ұйым – Bereke Bank АҚ акцияларының бүкіл пакетін сатып алу-сату жөніндегі мәміленің жабылуына байланысты төмендегіні хабарлайды.

Bereke Bank АҚ акционерінің ауысуы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарды енгізуді, өнімдер түрлерін көбейтуді және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруды қоса алғанда, банкті дамыту үшін жаңа перспективалар жасайды. Бұл банктің позициясын нығайтуға, қаржылық орнықтылығын күшейтуге мүмкіндік беріп, клиенттерге неғұрлым инновациялық және бәсекеге қабілетті шешімдер қабылдауына жағдай жасайды.

Қазақстанның қаржы нарығына шетелдік инвестордың келуі екінші деңгейдегі банктер арасында бәсекелестікті күшейтіп, нақты секторға кредит берудің өсуін қамтамасыз етеді.

Bereke Bank АҚ-тың еліміздің қаржы жүйесі үшін маңызы жоғары, халықпен және бизнес-клиенттермен жұмыс істейтін әмбебап банк болып табылады. Банк Қазақстанның коммерциялық банкі ретінде жұмыс істеуін жалғастыра береді. Қаржы ұйымының клиенттер мен әріптестер алдындағы барлық міндеттемелері өзгеріссіз жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні Bereke Bank АҚ Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің арасында активтерінің көлемі бойынша 9-шы орында және несие портфелінің мөлшері бойынша 7-ші орында. Банк активтері 2 338 млрд теңгені, меншікті капиталы 186 млрд теңгені құрайды. Банк реттеушінің барлық белгілеген пруденциялық нормативтерін орындайды.

Lesha Bank қызметін шариғат нормаларына сәйкес жүзеге асыратын банк болып табылады және Qatar Financial Center Regulatory Authority-дің банк операцияларын жүргізуге, оның ішінде депозиттерді қабылдауға, қарыз операцияларына, инвестициялармен операцияларға, ұжымдық инвестициялар қорын басқаруға 2010 жылғы 30 маусымдағы лицензиясы (рұқсаты) бар.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Lesha Bank активтері 2,05 млрд АҚШ долларын, меншікті капиталы 0,35 млрд АҚШ долларын, капиталының жеткіліктілік коэффициенті 16,9%-ды құрайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша банк 26,5 млн доллар және 2024 жылғы 6 айда 15,5 млн доллар мөлшерінде таза пайда алған.

Осыған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Lesha Bank LLC-ке (Public) «Bereke Bank» акционерлік қоғамының банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы» № 66 қаулыны және «Lesha Bank LLC-ке (Public) еншілес ұйым – «Bereke Bank» акционерлік қоғамын иеленуге рұқсат беру туралы» № 67 қаулыны қабылдағанын еске саламыз.

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар