Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп ашылды: Абай облысы, 01 Сәуір 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп ашылды

Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп ашылды

Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп ашылды

Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп ашылды
Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп ашылды
Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп ашылды
Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп ашылды
Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп ашылды
Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп ашылды
Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп ашылды
Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп ашылды
Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп ашылды

Бүгін Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, «Самұрық Қазына констракшн» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов, білім саласының ардагерлері және ата-аналар қатысты. Мектепте оқушылардың жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген оқу орнында 57 мұғалім еңбек етеді. 22 оқу кабинеті, мультимедиалық және жаратылыстану-ғылыми пәндерге арналған зертханалар, спорт және шығармашылық үйірмелері жұмыс істейді. 120 орындық асхана, 100 орындық мәжіліс залы, интерактивті панельдер, пәндік кабинеттер, кітапхана, оқу залы бар. Спортпен шұғылдануға арналған залдар мен ашық алаңдар, воркаут аймақтары, домбыра үйірмесі сияқты қосымша білім беру бағыттары қарастырылған.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті орта да ескерілген: пандустар, тактильді жолдар, арнайы санитарлық тораптар орнатылған. Аудан орталығындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектептің оқушылары бұған дейін балабақшаға бейімделген ғимаратта оқып келген еді. Енді олар жаңа мектепке білім алады. Аймақ басшысы мектептің ашылу салтанатында сөйлеген құттықтау сөзінде білім ордасының Бесқарағай ауылының тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы атап өткендей, әрбір оқушының сапалы білім алуына мемлекет тарапынан қазіргі таңда барлық жағдай жасалып жатыр. «Жайлы мектеп» жобасы ел игілігіне, білім мен ғылымды шыңдауға бағытталған бағдарлама. Бүгін, міне, облысымызда екі бірдей жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл оқушылар үшін, ата-аналар үшін, мұғалімдер үшін үлкен мереке, айтулы күн. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Өңірдегі мектептер кезең-кезеңмен жаңғырып, жаңартылады», - деді облыс әкімі.Аймақ басшысы ашылу салтанатынан кейін қонақтармен бірге мектептің кабинеттері, кітапханасы, зертханаларын және шеберханаларын аралап, спорт залдары мен футбол алаңын көрді. Оқушылармен, мұғалімдермен пікірлесіп, жаңа мектептегі жаңа бастамаларға сәттілік тіледі. АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ



Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Бүгін Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, «Самұрық Қазына констракшн» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов, білім саласының ардагерлері және ата-аналар қатысты. Мектепте оқушылардың жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген оқу орнында 57 мұғалім еңбек етеді. 22 оқу кабинеті, мультимедиалық және жаратылыстану-ғылыми пәндерге арналған зертханалар, спорт және шығармашылық үйірмелері жұмыс істейді. 120 орындық асхана, 100 орындық мәжіліс залы, интерактивті панельдер, пәндік кабинеттер, кітапхана, оқу залы бар. Спортпен шұғылдануға арналған залдар мен ашық алаңдар, воркаут аймақтары, домбыра үйірмесі сияқты қосымша білім беру бағыттары қарастырылған.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті орта да ескерілген: пандустар, тактильді жолдар, арнайы санитарлық тораптар орнатылған. Аудан орталығындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектептің оқушылары бұған дейін балабақшаға бейімделген ғимаратта оқып келген еді. Енді олар жаңа мектепке білім алады. Аймақ басшысы мектептің ашылу салтанатында сөйлеген құттықтау сөзінде білім ордасының Бесқарағай ауылының тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы атап өткендей, әрбір оқушының сапалы білім алуына мемлекет тарапынан қазіргі таңда барлық жағдай жасалып жатыр. «Жайлы мектеп» жобасы ел игілігіне, білім мен ғылымды шыңдауға бағытталған бағдарлама. Бүгін, міне, облысымызда екі бірдей жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл оқушылар үшін, ата-аналар үшін, мұғалімдер үшін үлкен мереке, айтулы күн. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Өңірдегі мектептер кезең-кезеңмен жаңғырып, жаңартылады», - деді облыс әкімі.Аймақ басшысы ашылу салтанатынан кейін қонақтармен бірге мектептің кабинеттері, кітапханасы, зертханаларын және шеберханаларын аралап, спорт залдары мен футбол алаңын көрді. Оқушылармен, мұғалімдермен пікірлесіп, жаңа мектептегі жаңа бастамаларға сәттілік тіледі. АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ</p>

Аймақтағы жаңалықтар