Биыл Ақмола облысында 530 мың шаршы метр пайдалануға берілді
5 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. Соның ішінде бюджет есебінен 9 көппәтерлі тұрғын үй іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 16 үй іске қосылады.
Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары баспанамен дайын пәтерлерді сатып алу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл механизм көпбалалы отбасылар, жетім балалар және басқа да азаматтар үшін тұрғын үй мәселесін жедел шешуге мүмкіндік береді.
«Биыл 736 пәтер сатып алынды. Жылдың аяғына дейін тағы 104 пәтер сатып алынады. Жалпы, соңғы 5 жылда 2064 отбасы баспанамен қамтамасыз етілсе, биыл ол 2270 құрады», - деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.
Сонымен қатар, биыл Көкшетау қаласында Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы басталды. Жалпы, Көкшетау қаласында 11 аймақ анықталды. Ондағы ескі 150 үйді кезең-кезеңмен реновациялау басталды.
@ortcom_kz #CCS
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -