БИЫЛ КҮЗДЕ ТҮРКІСТАНДА WBC AMATEUR TURKSOY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбековпен кездесті. Кездесуде бокс спортын дамыту, жас таланттарға қолдау көрсету, Түркістан қаласында күзге таяу бокс додасын өткізу идеясы мен түркітілдес елдердегі боксты дамыту мәселесі талқыланды.
– Түркістан облысы демографиялық өсім бойынша елімізде көш бастап тұр. Басты мақсатымыз – жастарды жан-жақты дамытып, қолдау көрсету. Сіздердің бокс пен спорт саласын дамыту туралы бастамаларыңызды және ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен алғашқы WBC Amateur TURKSOY бокстан гранд финалды өткізу жөніндегі бастамаңызды қолдаймын. Еліміздің болашақ чемпиондарына ештеңені аямай, жас спортшыларды жақсылап дайындаңыздар. Жас спортшыларға мықты проумотерлерге баруға кеңес беріңіздер. Дарынды боксшыларды қолдау және көтермелеу, сондай-ақ олардың дамуына, өсуіне ықпал етіңіздер, – деді Ертай Алтаев.
Рақымжан Ерденбеков кәсіпқой боксқа жанашырлық танытып, жылы қарсы алған өңір басшысының орынбасарына алғысын білдірді. Алдағы жоспарлар туралы баяндады.
– Бұл дода да 15-16 жас аралығындағы боксшылар арасында финалдық кездесу жоспарланып отыр. 10-14 қазан күндері әуесқой бокстан гранд финал Түркістан қаласында өтеді. Бұл жарысқа түркітілдес елдерінің жас боксшылары қатысып, жеті салмақ дәрежесінде чемпиондарды анықтайды. Онда түркітілдес елдердің әділқазылары төрелік ететін болады. Қазақстан және Түркістан командаларын жасақтап, бәсекелестікті күшейтеміз, – деді ол.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -