Биыл Теміртауда жаңа емхана мен отбасылық демалыс орталығы ашылады
Теміртауда қала тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік жобалар жеке қаражат есебінен іске асырылатын болады. Үшінші шағын ауданда тұрғындарға қадамдық қолжетімділік принципіне сай медициналық көмек көрсету үшін жаңа емхана ашу жоспарланып отыр. Алтыншы шағын ауданда заманауи отбасылық демалыс және балаларды дамыту орталығы салынады.
Жобаларды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа Теміртауға жұмыс сапары кезінде таныстырды.
Емхананың құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Ол бір ауысымда 100 адамды қабылдай алады. Нысан қаланың қазіргі МСАК ұйымдарының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, 80-нен астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, терапевттер, акушер-гинекологтар, сондай-ақ бейінді мамандар қабылдау жүргізіледі.
Жаңа орталық бастамашыларының айтуынша, оның тұжырымдамасы отбасылық демалыстың заманауи трендтеріне сәйкес әзірленген. Үйірмелер мен секциялардағы балалардың дамуы ата-аналармен бірлескен ойын арқылы өтеді. Ол үшін интерактивті аттракциондар қарастырылған. Ғимараттың дизайны ашық түстермен әрленген. Айына орталыққа 15 мыңға дейін адам келе алады. Оның ашылуы 2025 жылға жоспарланған.3
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -