Биылғы жылдың қазанынан бастап ішкі сауда субъектілеріне арналған мемлекеттік қолдау шараларын көрсету басталады
Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Айдар Әбілдабеков ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті тарапынан ушкі сауда субъектілеріне көрсетіле бастайтын мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнесті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 06 сәуірдегі Заңы негізінде Сауда және интеграция министрлігіне сауда қызметі субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну құзыреті берілді. Заңды іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары қабылданды, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың нақты тетігі мен шарттары айқындалды. Республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен ішкі саудадағы жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін республикалық бюджеттен 2024 жылға 4 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылданды», - деп атап өтті Айдар Әбілдабеков.
Мемлекеттік қолдау шаралары 2 түрлі тәсіл арқылы көрсетіледі. Бірінші – несие мөлшерлемесін субсидиялау, екіншісі – несиеге кепіл болу. Мұндай мемлекеттік қолдау шарасы сауда базарларын жаңғыру, сауда объектілерін салу,кеңейту, реконструкциялау үшін, үй жанынан дүкен салу және осы салада IT бағдарламалар жасау үшін беріледі.
Бұл бағдарламаға еліміздегі 3 мегаполис Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы сауда субъектілері және елдегі ойын-сауық орталықтары қатыса алмайды.
Сондай-ақ бағдарлама шарты бойынша сауда нысандарына қатысты жобаларын облыс орталықтарында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерге берілетін максималды сома – 3 млрд. теңге. Ал жобаны моноқалаларда немесе ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратындар үшін берілетін максималды сома – 1,5 млрд.теңге.
Инвестициялық мақсаттарға арналған жобаларды субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыру үшін субсидиялау мерзімі 3 жылға дейінгі мерзімді құрайды.
Несиеге кепіл жетпеген жағдайда ішкі сауда нысандары осы бағдарламаның «несиеге кепіл болу» тетігін қолдана алады. Жұмыс істеп тұрған субъектілер үшін – 50 % дейін, жұмысын енді бастаған, құрылғанына 3 жыл толмаған нысандар үшін кредит сомасының 85% - ына дейін несиеге кепіл болады.Мемлекеттік қолдау шаралары «Даму» қоры арқылы жүзеге асады.
Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мемлекеттік қолдау шараларына ие болған жеке кәсіпкерлер үшін қарастырылған қарсы міндеттемелерге тоқталды. Мемлекеттік қолдау алған ішкі сауда субъектісі сауда сөресінің 20 пайызын отандық азық-түлік өнімдерін өндушілердің үлесіне беруі керек. Жалпы ішкі сауда ережесінде көрсетілген «сауда сөресінің 30 пайызы отандық азық-түлік өнімдерін өндушілердің үлесіне берілуі керек» деген міндеттемені қосатын болса, бұл көлем 50 пайызға жетеді. Сондай-ақ қолдау алған ішкі сауда субъектісі сауда сөресінің тағы 20 пайызын отандық азық-түлік емес өнімдерін өндушілердің үлесіне беруі қажет.
Айдар Әбілдабеков ішкі сауда субъектілерін мемлекеттікқолдау - экономикалық белсенділіктің өсуіне, әлеуметтіксалаға, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ саудаинфрақұрылымын дамытуға оң әсер ететенін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -