Биыл Жетісу облысындағы колледждерде 13 жаңа мамандық ашылды: Жетісу облысы, 11 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Биыл Жетісу облысындағы колледждерде 13 жаңа мамандық ашылды

Жетісу облысындағы колледждерде еңбек нарығындағы сұраныстарға сәйкес жаңа мамандықтар ашылуда. Мәселен, биыл сәулет және құрылыс, ауыл шаруашылығы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, туризм, ІТ технологиясы және басқа да салалардағы жаңа 13 мамандық оқытылуда.  Жалпы қазіргі кезде өңірдегі коллеждерде 13 мыңнан астам студент білім алады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, өңіріндегі өнеркәсіп орындарының кадрлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 80 кәсіпорынның өтінімдеріне сәйкес 15 колледжде 25 мамандық бойынша 876 адамды мақсатты даярлау қолға алынады. Соның ішінде биылғы 2024-2025 оқу жылына кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 441 адам қабылданды. Сонымен қатар облыста дуальды оқытуды жүзеге асыратын 14 мемлекеттік колледжде 3324 студент 32 мамандық бойынша білім алады. Бұл ретте 155 кәсіпорынмен 215 келісімшарттар жасалған.

- Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына сәйкес жаңа кәсіптердің аймақтық атластарын қамтитын «Мамандығым – болашағым» бағдарламасын дамыту қолға алынып, оған облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде биыл облыс колледждерінде 13 жаңа мамандық ашылды. Атап айтқанда, кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері, графикалық жұмыстарды орындаушы, газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі, кран машинисі, автомобиль жөндеу слесарі, наубайшы, тазарту құрылыстарының технологиялық жабдықтарын монтаждаушы, қант өндіру операторы, химиялық талдау зертханашысы, ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы, көркем еңбек пәнінің мұғалімі, гид мамандықтар оқытылады. Бүгінгі таңда өңірге қажетті мамандықтарды анықтау жұмыстары жалғасуда, оны арнайы құрылған сарапшылардың жұмыс тобы атқарып жатыр, - деді облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіби білім беру бөлімінің басшысы Саят Батырбеков.

Осы ретте жаңа мамандықтар ашқан колледждердің қатарында  «Жетісу» құрылыс-техникалық колледжі де бар. Мұнда биыл тұңғыш рет «Сәулет» мамандығы оқытыла бастады. Бұл қадамды еңбек нарығын жете зерттеудің нәтижесі деуге болады.

- Бүгінгі күні облыста сәулет және дизайн бағытында білікті мамандар жетіспейтіні анықталды. Осыған орай бізде қазір «Сәулет» мамандығының «Графикалық жобалау» біліктілігінде 25 студент білім алуда. Кадрлық құрам білікті оқытушылардан тұрады, соның ішінде өнеркәсіп орындарында тәжірибе жинап келгендер де бар. Оған қоса материалдық-техникалық базамыз да жаңартылды, бір сөзбен айтқанда  кәсіптік мамандықтарды сапалы меңгеріп шығуға барлық мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ алдағы уақытта «Хаус-шебер» мамандығын ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл біліктілікте студент электрик, дәнекерлеуші, сантехник сияқты бірнеше кәсіби мамандықты бірге игеріп шыға алады, - дейді колледж директоры Санат Рамазанов.

Атап өтсек, бұл колледжде 500-дей студент 9 мамандықты меңгеруде.  Жаңа мамандыққа оқып жүрген студенттердің бірі Альмира Ұзақбай колледжге 9-шы сыныптан кейін түскен.

- Кішкентайымнан сурет салғанды жақсы көретінмін. Сәулетші болуды бала күнімнен армандадым. Осы мамандықты оқып бітіргеннен кейін тұрғын үйлерді, коммерциялық нысандарды жобалауға қатысып, қаланың сәулетіне, ғимараттарды жаңғыртуға өз үлесімді қоссам деймін. Қазір біз цифрлық жобалауды меңгеріп жатырмыз. Бұл мен үшін өте қызық әрі пайдалы, - дейді студент А. Ұзақбай.

Жалпы Жетісу облысында 27 колледж бар, онда 13 213 студент дәріс алады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар