Болашақ зейнетақымызды болжаймыз және жоспарлаймыз: зейнетақы калькуляторы және зейнетақы жинақтарының жеке жоспары
БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысуға шақырады
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде БЖЗҚ кезекті "Ашық есік күніне" шақырады. Кездесудің тақырыбы - "Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары".
Өздеріңізге белгілі, бүгінде көптеген жастар 30-40 жылдан кейін, яғни зейнет жасына толғанда не күтіп тұрғанын ойлап, бас қатырмайды. Алайда, дәл жас буын өкілдеріне еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі қарттық шағында лайықты деңгейде өмір сүруі үшін осы бастан қамдану керек. Өйткені 1998 жылға дейін жұмыс өтілі жоқ қазақстандықтар мемлекеттен берілетін ортақ зейнетақыны ала алмайды және олардың болашақ зейнетақысының мөлшері негізінен зейнетақы қорындағы жеке жинақтарына тәуелді болады.
Зейнетақыны болжау және жоспарлау үшін БЖЗҚ өте ыңғайлы құралдарды ұсынады - "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары", олардың көмегімен сіз өзіңіздің болашақ зейнетақыңызды алдын ала есептеп, оны ұлғайту жоспарын қалыптастыра аласыз.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы калькуляторы зейнетақының болжамды мөлшерін бұрыннан қалыптасқан жинақтарға сүйене отырып есептейді. Калькулятор екі түрде ұсынылған. "Ағымдағы" - бұл неғұрлым жеңілдетілген нұсқа, оның көмегімен зейнетке алдағы жылы шығатындар үшін міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын төлеу мөлшерін есептеуге болады. "Болжамды" түрі болашақтағы зейнетақының болжамды мөлшерін есептеп қана қоймай, оның құрамдас бөліктерін, сондай-ақ оның қалыптасуының пессимистік, шынайы және оптимистік 3 сценарийін көрсетеді.
Сондай-ақ, БЖЗҚ салымшыға көмек ретінде зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын ұсынады. Зейнетақы жинақтарының ағымдағы көлеміне және болашақ жарналарға сүйене отырып, зейнетақы төлемдерінің күтілетін мөлшері мен кестесін есептеуге болатын болжамды зейнетақы калькуляторынан айырмашылығы, жеке жоспар пайдаланушыға:
- зейнетақы жинақтарының ағымдағы көлемін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің қажетті сомасын негізге алып, болашақ жарналардың талап етілетін мөлшерін есептеуді,
- жинақтаудың жеке жоспарының орындалуына мониторинг жүргізуді (автоматтандырылған дербес хабарламалар жүйесі арқылы) өз бетінше іске асыруға мүмкіндік береді.
Зейнетақы жоспарының функциялары жаңартылды, мысалы, салымшының жинақтаушы жүйедегі өтілін автоматты түрде есептеу мүмкіндігі қосылды, дизайн оңтайландырылды, бұл туралы сарапшылар салымшылармен кездесуде егжей-тегжейлі айтып береді.
Қор мамандары болжамды зейнетақыны зейнетақы калькуляторы арқылы қалай есептеу керектігі туралы түсіндірме береді, зейнетақы жоспарын қалыптастырып, қалаған жағдайда қалай өзгертуге болатынын көрсетеді. "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" қызметтерін пайдалану кезіндегі салымшылардың жаңа мүмкіндіктері туралы әңгімелейді.
Іс-шара барысында оның қатысушылары зейнетақы калькуляторы мен зейнетақы жоспарын қолдана отырып, жайлы өмірді қамтамасыз ететін қарттықтағы кірістерді қазірден қалай болжауға және оларға әсер етуге болатындығын жеке мысалдар арқылы көре алады.
Қонақтар тек іс-шара тақырыбы бойынша ғана емес, сонымен қатар зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сұрақтарға жауап ала алады.
"Ашық есік күні" 20 қыркүйекте онлайн форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдірушіге сілтеме бойынша өту қажет https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m15a1ec9778ed81e35e0bb6ce69377d7d.. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2512 376 8174 және event-кеңестің паролін 123456 енгізіңіз.
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын, алушылары мен "Ашық есік күніне" қатысуға ниет білдірушілердің барлығын күтеді!
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ
сайтында).Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -