Большая Малышкада тасқыннан зардап шеккен үйлер мен мектеп қалпына келуде
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатты су тасқынынан зардап шеккен Қызылжар ауданындағы Большая Малышка ауылында болды. Бұл ауылда 321 үйді су басқан, оның 66-сі тұруға жарамсыз. Қазірдің өзінде 19 үй сүрілген. Апатты үйлерді бұзу және үйлерді жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жөндеу жұмыстарын мехбригадалар жүргізуде, ауыл тұрғындары өз күштерімен де үйлерін қалпына келтіріп жатыр. Өңір басшысы үйлерге кіріп, тұрғындармен сөйлесті, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексерді.
Сонымен қатар, Большая Малышка ауылында әлеуметтік инфрақұрылым қалпына келтірілуде. Зардап шеккен ауыл мектебіне де күрделі жөндеу жүргізілуде. Облыс әкімі жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық жұмыстарды аяқтауды тапсырды.
Айта кету керек, Большая Малышка «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына енгізілген. Мұнда медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталды.
СҚО әкімі «Серебряный бор» жазғы сауықтыру лагерінде де болды. Бұл мекемені де су басты, бүгінде күрделі жөндеу аяқталды, лагерь балаларды қабылдауға дайын. Жаздың соңына дейін 200 оқушыны қамтитын екі маусым өткізу жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -