Бюджет народного участия!
Хабарландыру!
Құрметті Саран қаласыныңтұрғындары!
Сіздерге 2025 жылғы 20 қантар мен 1 наурыз аралығында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2026 жылы жүзеге асатын ұсыныстар қабылданатыны туралы хабарлаймыз.
Саран қаласының Халық қатысатын бюджетінің мақсаты: азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде қала аумағын дамыту және абаттандыру.
Жобаұсыныстарына қойылатынталаптар:
Жоба ұсынысының атауы бір ұсыныс шегінде қысқаша баяндалуы тиіс және берілетін жоб аұсынысының мақсатына қайшы келмеуі тиіс; жоба ұсыныстары келесі өлшемдерге сәйкес келуі керек:бір өтінім-бір объект;
Саран қаласының тұрғындары үшін өзекті;
қала тұрғындары үшін қолжетімді,ортақ пайдаланылатын объект;
жүзеге асуы жоспарланған объект қала аумағында және коммуналдық меншіктегі жер учаскесінде орналасуы тиіс; жобалық ұсынысты іске асыру Саран қаласы әкімдігінің құзыреті шегінде болуы тиіс.Халық қатысатын бюджет шеңберінде қарауға қабылданбайтын жоба ұсыныстары:
1) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге ғана есептелген;
2) тұтас емес, яғни фрагменттік сипаттағы (элементтерінің біреуін орындау болашақта қосымша элементтерді енгізуді қажет етеді);
3) Саран қаласының бекітілген бағдарламасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін;
4) жеке коммерциялық сипаттағы жобалық ұсыныстарды іске асыруды көздейтін.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде азаматтар әкімшісі «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ болатын іс-шараларға қалалық бюджет қаражатын бөлуге қатыса алады.
Жобалық ұсыныстарды іске асыру мерзімі бір бюджеттік жылдан аспауы тиіс.
Кәмелетке толған Саран қаласының барлық тұрғындары өз ұсыныстарын жібере алады.
Ұсыныстарды Саран қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы «Халық қатысатын бюджет 2025» бөлімінен жіберуге болады. Іске асырылатын жобалар қала тұрғындарының жария дауыс беруі арқылыанықталады.
Жоба ұсынысына автор міндетті түрде шығыстардың болжамды немесе нақты сметалық есебін, сондай-ақ жобаның фото/эскиз/макет/сызбасын (оларды интернет-ресурстан пайдалануға болады) қоса береді немесе автор жоба ұсынысын беру кезінде интернет-ресурстан жобаның эскиздері мен шығыстар сметасын қамтитын жобалық ұсыныстардыңүлгілік тізімінен іске асырылатын жобаны таңдайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -