"БЖЗҚ" АҚ сандық форматтағы жаңа қызметтерін енгізді: Қарағанды ​​облысы, 22 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

"БЖЗҚ" АҚ сандық форматтағы жаңа қызметтерін енгізді

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшылары үшін жаңа цифрлық сервистерді қолданысқа енгізуді одан әрі жалғастыруда.

Осылайша, БЖЗҚ enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы алуға болатын жаңа цифрлық қызметтерді іске асырды.

Мысалы:

- зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшелері енді қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары төлемін алуға (жерлеуге) өтініш бере алады;

- БЖЗҚ салымшылары дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім бере алады, сондай-ақ, шоттардың болуы туралы анықтамаларды, МКЗЖ бойынша анықтамаларды, зейнетақы жинақтарының 50% қайтарылғанын растайтын анықтамаларды бір бөлімде қалыптастыра алады. Жаңа қызмет түрлерін рет-ретімен таныстырайық.

Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтары төлемін (жерлеуге) алуға өтініш.

Зейнетақы жинақтары салымшының немесе алушының меншігі болып есептеледі. Тиісінше, оларды мұраға қалдыруға болады. Бірақ мұра құқығы өз күшіне енгенге дейін, салымшының/алушының отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) бар қаражаттан аспайтын көлемде зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі.

Жаңа сервистің қолданысқа енгізілуіне байланысты, әр отбасына ауыртпалық түсіретін қиын жағдайларда жерлеуге берілетін тиісті соманы алуға өтініш беру рәсімін, енді, онлайн-форматта да іске асыруға болады. Ол үшін қайтыс болған адамның жақын туыстарына сайттағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетке кіріп, "Қызмет" бөліміндегі "Жерлеуге жәрдемақы алуға өтініш беру" ішкі бөлімін таңдау қажет. Бұдан әрі ашылған терезеде қайтыс болған адамның ЖСН енгізу қажет, онда мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде (МО АЖ) қайтыс болу туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеру және туыстық байланыстарды растау рәсімі өтеді. Егер МО АЖ-да жеке тұлғаның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаса – тиісті хабарлама шығады. Егер қайтыс болу дерегі расталса, туыстық байланыстардың бар-жоғын тексеру жүзеге асырылады. Расталған жағдайда, келесі кезеңге – алушының банктік деректемелерін енгізуге көшу орын алады. Толтырылғаннан кейін көрсетілген банктік деректемелердің дұрыстығын "тексеру" батырмасын басу арқылы тексеру және электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою қажет.

Ұялы қосымшаны пайдаланған кезде өтінішке "eGOV mobile" қосымшасы арқылы ЭЦҚ-ның көмегімен қол қою қажет.

МО АЖ-да жерлеуге ақы төлеуге өтініш білдірген адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланыстары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, өтініш беруші растаушы құжаттарымен БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесіне жүгінуі тиіс.

Жерлеуге арналған төлемді ресімдеуге қажетті құжаттар тізбесі enpf.kz сайтындағы "Қызметтер"/Алушыларға бөлімінде орналастырылған.

БЖЗҚ-ға дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру.

Заңнамада көзделген қызметтерді көрсету кезінде БЖЗҚ мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалар жататын ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен (дерекқорларымен) ақпарат алмасады. Бұл ретте салымшылардың деректері жеке не өзге де заңды тұлғаларға БЕРІЛМЕЙДІ.

БЖЗҚ-дан қызметті алмас бұрын салымшы (алушы) / сенім білдірілген тұлға / заңды өкіл Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңына сәйкес өзінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісімін растайды. Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жеделдігін, сондай-ақ, ақпараттың қауіпсіздігі мен құпиялылығын жақсарту мақсатында, БЖЗҚ сайттағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинеттің арнайы бөліміне салымшылар үшін "Өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім беру" жаңа қызмет түрін енгізді.

Ол үшін enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы жеке кабинетке кіріп, "Қызметтер" бөліміндегі "Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру" ішкі бөлімін таңдау қажет. Егер бұрын өтініш беруші осындай келісімді берген және оған қол қойған болса, тиісті хабарлама шығады. Ал бұлай болмаған жағдайда (егер салымшы бұрын дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге қол қоймаған болса) ҚР "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңының хабарламасы ашылады. Әрі қарай, "Таныстым" батырмасын басқан соң, келісім беру терезесіне ауысады, онда "ұялы нөмір" бағанын толтырып, көрсетілген нөмірге келетін SMS кодты тіркеу қажет.

БЖЗҚ салымшылары үшін сайтта да, ұялы қосымшада да қолжетімді болған тағы бір қызмет -анықтамаларды бір бөлімде алу.  Енді барлық қолданыстағы зейнетақы шоттарының болуы туралы мәліметтерді, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген айлар саны туралы анықтамаларды бір терезеден алуға болады. Бұған қоса, бұрын әскери қызметкер болған МЗЖ салымшылары МЗЖ-ның 50% қайтарылғаны туралы растаушы анықтама ала алады.

Бұл қызмет түрін пайдалану үшін де БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы жеке кабинетке кіріп, "Қызметтер" бөліміндегі тиісті терезені таңдау қажет.

"БЖЗҚ" АҚ өз қызметі барысында салымшыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға әрдайым ұмтылып, цифрлық форматта көрсетілетін сервистер желісін үнемі жетілдіріп отырады. Қазіргі кезде зейнетақы қызметтерінің 90%-дан астамын БЖЗҚ онлайн-форматта ұсынады. Сайттағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетте салымшылар кез келген кезең үшін өз шотынан үзінді көшірме алып, жеке деректемелерін өзгерте алады. Сондай-ақ, болашақ зейнетақысының мөлшерін шамамен есептеп, жинақтарының бір бөлігін ИПБ басқаруына аудару немесе оларды Ұлттық Банктің басқаруына қайтару туралы өтініш беріп, басқа да көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ

www.enpf.kz

сайтында).

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Шахтинск»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар