COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНА ОНЛАЙН-КУРС ӘЗІРЛЕГЕН ОҚЫТУШЫ 1000 ДОЛЛАР СЫЙАҚЫ АЛДЫ: Астана қаласы, 08 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНА ОНЛАЙН-КУРС ӘЗІРЛЕГЕН ОҚЫТУШЫ 1000 ДОЛЛАР СЫЙАҚЫ АЛДЫ

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы Айнұр Тәжиденова Coursera платформасына онлайн-курс әзірлегені үшін марапатталды. Университеттің басқарма төрағасы-ректоры Саламат Идрисов жоба авторын қабылдап, ризашылығын білдіріп, университет ұжымы атынан 1000 доллар көлемінде сыйақы табыстады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақстандық студенттерге әлемдік деңгейдегі озық білім беру платформаларын тегін пайдалану мүмкіндігін ұсынды. «Министрлік Coursera-дағы әлемнің үздік ондығына кіретін университеттердің 100-ден астам курсын қазақ тіліне аударып, студенттерге оқу процесіне енгізді. Бүгінгі таңда Қазақстанның 25 өңірлік университетінен 47 мың студент 70 мыңнан астам курсты аяқтап шықты», - деп атап өтті С.Идрисов.

Аға оқытушы Айнұр Тәжиденованың «Бизнес жоспарлау негіздері» атты курсы – халықаралық білім беру платформасына Қазақстан тарапынан енгізілген алғашқы дәрістердің бірі. Курсты жүздеген студенттер мен кәсіпкерлер Coursera платформасы арқылы оқып, бизнес-жоспарлаудың маңызды дағдыларын меңгеруде. «Бұл курсты студенттер аудиторияға келмей-ақ, өздеріне ыңғайлы уақытта ашып оқып, дәрістерді тыңдап, тапсырмаларын орындап, сертификат алады. Соның негізінде тиісті бағаларын да алып, курстан өтеді. Бұл студенттерге де, оқытушыларға да өте тиімді. Өз кезегімде, онлайн-курс дайындау арқылы босап қалған уақытымды ғылыми зерттеулер мен мақалалар жазуға арнаймын», - дейді А.Тәжиденова.

Әлемдік деңгейдегі онлайн-курстарды әзірлеуде білім беру саласына айтарлықтай үлес қосып жүрген оқытушылар университет тарапынан әрдайым қолдау көреді. Сонымен қатар онлайн-курстар дайындаған қызметкерлер университеттің KPI бойынша жоғары бағаланады.

Coursera – дәстүрлі сабақ өту негізінде құрылған әлемдік деңгейдегі танымал онлайн-платформа. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен қазақстандық оқытушы-профессор құрамы биыл осы платформаға өз дәрістерін енгізу мүмкіндігіне ие болды.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар