Цифрлық реттеуші: Агенттік Төрағасының орынбасары Тимур Әбілқасымовтың Central Asia Fintech Summit-тегі сөйлеген сөзінен негізгі тезистер
Біз теңдестірілген реттеу қағидаттарын ұстана отырып, жаңа технологиялардың дамуына мүмкіндік беруге тырысамыз, бұл ретте Агенттік үшін қаржылық тұрақтылық мәселесі басым болып қала береді. Біздің қаржы секторымыз алдымызға жаңа міндеттер қойып отыр. Біз
цифрлық
реттеушіге
айналуымыз керек.
SupTech-ке тоқталып өтсем. Біз Агенттікте қадағалау технологияларын белсенді дамытып жатырмыз, қадағалау технологияларын дамытумен айналысатын жеке бөлімше құрдық. Бұл – біз жасанды интеллект, машиналық оқыту алгоритмдерін классикалық қадағалауда қолданып жатырмыз деген сөз. Бұл объективті қажеттілік – деректер көлемі экспоненциалды түрде өсуде, біз күнделікті көп ақпарат өңдеуге мәжбүрміз. Соңғы 5 жылда біз алатын деректер көлемі бірнеше есе өсті.
Цифрлық трансформация және инновацияларды енгізу үшін
адамдар,
инфрақұрылым
және
технологиялар
қажетті шарттар болып табылады. Адам капиталынан бастайық. Біз жоғары оқу орындарымен тығыз жұмыс істейміз, алгоритмдерді әзірлеу жөніндегі функциялардың бір бөлігін ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп сынақтан өткіземіз. Өткен жылы инспекторлық тексерулер өткізу кезінде, оның ішінде транзакцияларды талдау үшін ЖИ алгоритмдері бірнеше рет қолданылды.
Қадағалауды цифрландыруға келетін болсақ, бүгінгі күні активтердің сапасын тұрақты бағалау, қадағалап стресс-тестілеу процестері автоматтандырылған.
Өткен жылы тұрақты AQR шеңберінде біз төлем қабілеттілікті және тәуекел-метрикаларды талдау үшін ЖИ алгоритмдерін әзірлей бастадық. Біз
ішкі
консультативтік
баяндама
жасадық, себебі біз, реттеушілер ретінде, бірнәрсені бірден жасап, енгізе алмаймыз. Біз ғылыми негізделген тәсілді қолдануымыз керек. Аталған баяндамада қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне әсер ететін тәуекел факторлары мен тәуекел-драйверлеріне баға берілген жүзден астам машиналық оқыту алгоритмдерін талдау нәтижелері бар. Реттеуші ретінде бізге және жаттығуға қатысатын банктерге тұрақты AQR-дан өту рәсімін жеңілдету үшін ЖИ-ді тұрақты AQR-ға толыққанды ықпалдастыруды жоспарлап отырмыз.
Агенттік
бірыңғай қадағалау қосымшасын
жасау жұмысын жүргізуде, оған мыналар кіреді: КЖ/ТҚК, AQR, қадағалап стресс-тестілеу, тәуекелдерді қадағалап бағалау – бұл SREP, RASS, SRES, қаржы ұйымдарының паспорты және т.б. Тұтастай алғанда, SupTech бастамалары шоғырландырылған қадағалауды тиімді жүзеге асыру негізін қалыптастырады.
Қажетті инфрақұрылымды құрып, жетілдіру үшін Ұлттық Банкпен бірлесіп, біз цифрлық реттеушілер стратегиясын қалыптастыру сатысында тұрмыз. Біз озық технологияларды енгізу және цифрлық дамуды одан әрі қолдау үшін технологиялық инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік беретін осындай синергияға қол жеткізгенімізге қуаныштымыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -