«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ҮШІН САНАМЫЗ ӨЗГЕРУІ КЕРЕК»: Түркістан облысы, 28 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ҮШІН САНАМЫЗ ӨЗГЕРУІ КЕРЕК»

«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ҮШІН САНАМЫЗ ӨЗГЕРУІ КЕРЕК»

«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ҮШІН САНАМЫЗ ӨЗГЕРУІ КЕРЕК»

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешітте қала имамдарымен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелерін талқыға салды. Дін саласындағы мемлекеттік саясат, ұлттық идеология, ұрпақтар сабақтастығы жөнінде еркін форматта әңгімелесті.   Басқосуда Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы міндеттер, оны іске асырудың тетіктері айтылды. М.Отарбаев қазіргі жаһандану

дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеу, мемлекеттік саясат, қоғамдық сананы дамыту бағытында өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.   -Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстан, адал азамат қағидасын әрдайым айтып келеді. Әділетті Қазақстанды құру үшін санамыз өзгеруі керек. Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды насихаттап, тарихи сананы жаңғырту, жалпы мемлекетшілдік дәстүрді халыққа жеткізуіміз керек. Сіздер діни ғана емес, ұлттық идеология жолында да қызмет етіп келесіздер. Мемлекет басшысы айтқандай, біз озық ойлы ұлтқа айналуымыз қажет. Бүгінде қоғамдық мәдениетті дамыту, ұлттық бірлік пен ынтымақты сақтау - маңызды міндет. 6 қазанда өтетін жалпыұлттық Референдум саяси мәдениетті қалыптастыру жолы, - деді Мәлік Нұржанұлы.   Сондай-ақ, жиында қоғамдық мәдениетті дамыту, ұрпақтар сабақтастығын жалғау, мемлекетшілдік дәстүрді жалғастыру мәселелері талқыға түсті. Шаһарда бүгінде 94 мешіт жұмыс істейді. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуде тиісті жұмыстар қолға алынғанын атап өтті.

Ақпарат көзі: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешітте қала имамдарымен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелерін талқыға салды. Дін саласындағы мемлекеттік саясат, ұлттық идеология, ұрпақтар сабақтастығы жөнінде еркін форматта әңгімелесті.   Басқосуда Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы міндеттер, оны іске асырудың тетіктері айтылды. М.Отарбаев қазіргі жаһандану <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеу, мемлекеттік саясат, қоғамдық сананы дамыту бағытында өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.   -Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстан, адал азамат қағидасын әрдайым айтып келеді. Әділетті Қазақстанды құру үшін санамыз өзгеруі керек. Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды насихаттап, тарихи сананы жаңғырту, жалпы мемлекетшілдік дәстүрді халыққа жеткізуіміз керек. Сіздер діни ғана емес, ұлттық идеология жолында да қызмет етіп келесіздер. Мемлекет басшысы айтқандай, біз озық ойлы ұлтқа айналуымыз қажет. Бүгінде қоғамдық мәдениетті дамыту, ұлттық бірлік пен ынтымақты сақтау - маңызды міндет. 6 қазанда өтетін жалпыұлттық Референдум саяси мәдениетті қалыптастыру жолы, - деді Мәлік Нұржанұлы.   Сондай-ақ, жиында қоғамдық мәдениетті дамыту, ұрпақтар сабақтастығын жалғау, мемлекетшілдік дәстүрді жалғастыру мәселелері талқыға түсті. Шаһарда бүгінде 94 мешіт жұмыс істейді. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуде тиісті жұмыстар қолға алынғанын атап өтті.

Аймақтағы жаңалықтар