«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»
Түркістан облысы, Сайрам аудандық терроризмге қарсы комиссиясы жұмысшы тобының бастамасымен Сайрам ауданы, Ақсукент елді-мекеніндегі «Сайрам» колледжінің студенттерімен «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шараның бас мақсаты жас ұрпаққа дұрыс діни танымдық ақпараттарды ұсынып, теріс діни ағымдардан сақтанудың маңыздылығын түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрлерін және зайырлық құндылықтарын насихаттау арқылы керағар діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру.
«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында арнайы дайындалған видео ролик көрсетілді.
Колледж студенттері өздерінің көкейінде жүрген түрлі сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптарын алды.
Материал Түркістан облысы Терроризмге қарсы
комиссиясы аппаратының ақпарат бойынша дайындалды
_______________________________________________________
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -