«Дәулет» теннис орталығының 15 жылдық мерейтойы аталып өтті
Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Дәулет» теннис орталығының 15 жылдық мерейтойы аталып өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Салтанатты іс-шараға теннис орталығының басшысы Дина Темірғалиева, қалалық Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб және орталыққа келушілер мен олардың ата-аналары қатысты.«Бүгін – ерекше күн. Орталық 15 жылдығын атап өтуде. Мұнда спортсүйер қауым үшін барлық жағдай жасалған. Орталықта әйелдер мен ерлерге арналған киім ауыстыратын бөлме, жуынатын бөлме, демалыс бөлмесі, функционалдық жаттығу залы, спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қатысушылар мен көрермендерге арналған тамақтану үшін кафе бар. Мұнда келушілер республикалық, халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысып тұрады», - деді орталық басшысы Дина Темірғалиева.
Аталмыш орталық сондай-ақ ЮНИСЕФ халықаралық бағдарламасы шеңберінде инклюзивті топты елімізде алғаш рет қосты.
Айта кетейік, «Дәулет» теннис орталығының жаңа ғимаратын 2019 жылы атақты теннисшілер Рафаэль Надаль мен Новак Джокович салтанатты түрде ашқан болатын.
Сондай-ақ салтанатты іс-шарада орталықта 10-15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлер Астана қаласы әкімінің орынбасары атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -