"Даму" қоры Қарағанды облысындағы кәсіпкерлерді қалай қолдайды
Жеке кәсіпкер Никита Дорош бірнеше жыл бұрын Neyshes Boots брендімен қолдан жасалған аяқ киім шығаратын компания құрды.
"Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры ісін жаңа бастаған бизнесменге өндірісті кеңейтуге тиімді несие беріп, көмектесті.
– Біз нағыз былғарыдан аяқ киім тігумен және оны сатумен айналысамыз. Мен әрқашан қолдан жасалған аяқ киімді жақсы көретінмін. Мен ондай аяқ киімді Алматы компаниясынан сатып алдым, содан кейін оны өзім жасаймын деп шештім.
Шеберлер таптым. "Даму" қорының бағдарламаларын пайдаландым. Бизнесімді дамытуға тиімді пайыздық несиелер маған жақсы көмектесті.
Соңғы үш жылда осы мүмкіндікті үш рет пайдаландым, – деді "Dorosh" ЖК басшысы Никита Дорош.
– "Даму" қоры ұлттық даму институты бола отырып, Қазақстанның барлық өңірлерінде ШОБ-ты дамытуға жәрдемдеседі. Тек Қарағанды облысында 2010 жылдан 2023 жылға дейін мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер 11,3 мың жаңа жұмыс орнын ашты. Олар бюджетке салық түрінде 552 млрд теңге төледі. Қазіргі уақытта "Даму" Қоры шағын және орта бизнесті қолдау үшін бірқатар бағдарламаларды, оның ішінде облыс әкімдігімен бірлесіп – "Кәсіпкер" аумақтық нүктелік өңірлік бағдарламасын белсенді іске асыруда, – дейді "Даму" Қорының Қарағанды филиалының директоры Әсет Тілемісов.
Бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдау алған өңірдегі бірнеше кәсіпорын өз жұмыстарын көрсетіп, "Даму" Қорының оларға қалай көмектескенін айтып берді.
Кабельдік және баспалдақ науаларын өндіруге маманданған "Profland-RT" компаниясы 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Жыл сайынғы өндірістік қуаттылығы – 5 мың тонна. 2022 жылы "Бизнестің жол картасы – 2025" бойынша кәсіпорын жабдықтарын сатып алу және өндірістік базаны жөндеуге 6%-бен және жетіспейтін кепілмен қамтамасыз етуге "Даму" Қорының кепілдігімен екінші деңгейдегі банк арқылы жалпы сомасы 149 млн теңгеге екі кредиттік транш алдыш.
Екі жылдан кейін бірыңғай кешенді бағдарламаның арқасында компания банк арқылы айналым қаражатын толықтыру үшін қаржыландырылды. Пайыздық мөлшерлеме 8%-ға дейін төмендетілді және "Даму" Қорынан кепілдікпен қамтамасыз ету кепілдігі алынды.
– Біздің компания шамамен 18 жаста. Біз күн электр станцияларының құрылысына, кабельдік науаларға және қосалқы құрылымдарға арналған металл профиль өндірумен айналысамыз. Өнім ассортименті үлкен. Өндірісте шамамен 70 адам жұмыс істейді. Біз айналым қаражатын және инвестициялық жобаларымызды несиелеу үшін "Дамуға" жүгіндік, – деп атап өтті "Profland-RT" ЖШС директоры Артем Слесаренко.
"AAA LLP" ЖШС (Топар жылыжайлары) қияр мен қызанақ өсіруге маманданған. Мұнда заманауи агротехникалық әдістер мен технологиялар қолданылады.
2024 жылы Топар жылыжайлары банктердің бірі арқылы айналым қаражатын жылдық 10%-бен толықтыру үшін екі транш алды, кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігіне "Даму" Қоры 84% көлемінде кепілдік берді.
– Біз "Даму" қорының және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен кеңеюді жоспарлап отырмыз. 16 позиция бойынша көкөніс өсіреміз - қиярдан бастап салаттарға, аскөкке дейін. Бүгінгі таңда бізде 300-ге жуық адам жұмыс істейді. 6000 тоннадан астам өнім шығарамыз. Біз қнімді жергілікті нарықта, Астанада және басқа да жақын қалаларда сатамыз. Қазір Таяу Шығыста сұранысқа ие қызанақтың және басқа дақылдардың ерекше түрінің партиясын экспортқа дайындап жатырмыз.
2035 жылға қарай жылыжайларды 40 гектарға дейін кеңейту жоспарлануда. Бұл ретте бізге "Даму" Қоры көмектеседі, ол бізді қолдайды, сондай-ақ қаржы мәселелері бойынша кеңес береді, – деді "AAA LLP"ЖШС/Топар жылыжайларының директоры Абдурауф Абдумавлонов.
2024 жылдың басынан бастап "Даму" Қоры Қарағанды облысының шағын және орта кәсіпорындарына 31 млрд теңгеге қолдау көрсетті.
Барлығы 790 жоба қолдау тапты. Қор ШОБ-қа субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдетілген қаржыландыру арқылы көмектеседі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -