Дара кәсiпкерлерді немесе заңды тұлғаларды әлеуметтiк кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң (iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiн қоспағанда) тiзiлiмiне енгiзу үшiн өтiнiмдердi қабылдау туралы хабарландыру
«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ дара кәсiпкерлерді және заңды тұлғаларды әлеуметтiк кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң (iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiн қоспағанда) тiзiлiмiне енгiзу үшiн өтiнiмдер қабылдауды жариялайды.
Өтiнiмдердi қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекiтiлген әлеуметтiк кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны тiзiлiмге енгiзу туралы өтiнiш (бұдан әрi — өтiнiш);
2) дара кәсiпкер немесе заңды тұлға өзін тiзiлiмге енгiзу үшiн өтiнiш жасайтын санатқа байланысты осы Қағидалардың 6-9-тармақтарында көрсетiлген құжаттар;
3) өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi адамының өтiнiшке қол қою құқығын куәландыратын сенiмхат (өтiнiш берушiнiң сенiмхат негiзiнде әрекет ететiн өкiлi құжаттарды берген жағдайда).
Дара кәсiпкерлерді немесе заңды тұлғаларды әлеуметтiк кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тiзiлiмiне енгiзу үшiн құжаттар 2024 жылғы 1 наурыздан 2024 жылғы 15 наурызға дейiн «Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ, Саран қ., Жамбыл к-сі, 67, 108 қабинет мекенжайы бойынша қабылданады. Байланыс телефондары 74030, 74077.
Құжаттармен архивті мына жерден жүктеуге болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/op-saran/press/news/details/707336?lang=ru
Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы ақпарат
Ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық) бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес дайындалды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-1-бабына сәйкес осы Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын, азаматтар мен қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметі әлеуметтік кәсіпкерлік болып табылады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі міндеттері:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік проблемаларды шешудее, оның ішінде әлеуметтік инновацияларды енгізу және осы Кодекстің 79-3-бабында көзделген әлеуметтік қызметтер көрсетуге жәрдемдесу жолымен қатысуын қамтамасыз ету.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін әлеуметтік инновациялар деп қоғамда әлеуметтік өзгерістер туғызатын әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге ықпал ететін жаңа идеялар, стратегиялар, технологиялар түсініледі;
2) осы Кодекстің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу және олар үшін қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау;
3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде осы Кодекстің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарының жеке еңбекке қатысуы арқылы нарыққа жылжыту болып табылады.
Өтінімдерді қабылдау жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша елді мекенде жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органға келіп түсетін өтініштерді арнайы комиссия қарайды.
Арнайы комиссия – дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге қатысты мәселелерді қарау мақсатында мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіптік одақтардың өкілдері қатарынан құрылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанындағы консультативтік-кеңесші орган кәсіпкерлік;
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – ӘКС) – тізілімге енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мынадай санаттарға бөлінеді;
Қағидалардың 2-тармағының 7-тармақшасына сәйкес:
бірінші санаттағы ӘКС – азаматтардың мынадай санаттарын:
мүгедектігі бар адамдарды;
мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді;
зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы);
балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде;
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;
аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;
наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;
қандастарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін ӘКС, бұл ретте ӘКС қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құрауы (бірақ осындай санаттарға жататын екі адамнан кем болмауы), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құрауы шарт;
Қағидалардың 2-тармағының 8-тармақшасына сәйкес:
екінші санаттағы ӘКС – осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал ететін ӘКС. Бұл ретте, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайды;
Қағидалардың 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес:
9) үшінші санаттағы ӘКС – мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында мүгедектігі бар адамдарға арналған, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ӘКС, бұл ретте мынадай:
тұрмыста тыныс-тіршілікті қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету жөніндегі;
күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдем көрсету, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі түрде байқау арқылы денсаулықты қолдауға және сақтауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі;
әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психологиялық жай-күйін түзетуде көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі;
мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасына бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету жөніндегі;
жұмысқа орналасуда және еңбекте бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету жөніндегі;
коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі;
аурулардың профилактикасы, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, оның ішінде мүгедектігі бар балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдалануға болатын медициналық техниканы, протездік-ортопедиялық құралдарды, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылымды, сондай-ақ техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі;
мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлердің демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;
қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;
мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті, көлік құралдарын пайдалануды, ақпарат беру кезінде әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау жөніндегі қызмет түрлеріне сәйкес алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауы, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрауы шарт;
Қағидалардың 2-тармағының 10-тармақшасына сәйкес:
10) төртінші санаттағы ӘКС – қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай:
отбасын нығайтуға, балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтерді көрсету жөніндегі;
балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;
мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі;
әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту жөніндегі;
мәдени-ағартушылық (оның ішінде, жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі);
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі;
осы Қағидалардың 2-тармағының 7) – 10) тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын, саламатты өмір салтын жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет түрлерінің ішінен жүзеге асырады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініш беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа байланысты осы Қағидалардың 6 – 9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхат (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).
ӘКС-тің бірінші санаты үшін:
ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:
1) өтініш берген күнге жарамды өтініш берушінің штат кестесінің көшірмесін;
2) ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш берушінің қызметкерлерімен жасалатын еңбек шарттарының көшірмелерін;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша өтініш берушінің қызметкерлерін ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызуды растайтын құжаттардың көшірмелерін;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші қызметкерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтерді;
5) ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш беруші қызметкерлерінің дербес деректерін өңдеуге арналған келісімдердің көшірмелерін (дербес деректердің дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу мақсаты үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынылатынын көрсете отырып) ұсынады.
ӘКС-тің екінші санаты үшін:
ӘКС-тің екінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы мәліметтерді;
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі ӘКС екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтаманы (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) ұсынады.
ӘКС-тің үшінші санаты үшін:
ӘКС-тің үшінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:
1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘКС-тің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызмет бағыттарына сәйкес ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған, осындай азаматтар үшін олардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін жасау мақсатындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндірісі жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтерді;
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі ӘКС үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтаманы (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) ұсынады.
ӘКС-тің төртінші санаты үшін:
ӘКС-тің төртінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:
1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘКС-тің төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал ететін қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтерді;
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі ӘКС төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтаманы (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) ұсынады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -