ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖӨНДЕУ БАРЫСЫН БАҚЫЛАУҒА БАРДЫ
Кентау ЖЭО-да ауқымды жөндеу барысын бақылаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты мердігерлермен жолығып, жұмыс барысын пысықтады. Керек қондырғыларды жеткізуші шетелдік компания жетекшілерімен байланысып, мән-жайды нақтылады. Кеншілер шаһарына арнайы барған облыс әкімі мердігерлерге маңызды істі аса жауапкершілікпен атқаруды тапсырды. Жылу көздерін қайта құрылымдау кестеге сәйкес жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарының барысы облыс әкімінің тікелей бақылауында.
Кентау қаласын жаңа жылыту маусымында сапалы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексерген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жылу көздерін жаңғырту барысын бақылап, жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Барлық жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес аяқтауды міндеттеді. Жөндеу жұмыстарына қажетті негізгі қондырғылар отандық өндірушілерден сатып алынуда. Олармен тұрақты байланыс орнатылған. Қосымша жабдықтар шетелден тасымалданады.
Айта кетейік, ауқымды жұмысты жүргізуге мердігер мекеме болып «ЭМ-ходинг» ЖШС-і танылған. Техникалық қадағалаушы – «OTAY CONSTRUCTION» ЖШС. Авторлық қадағалаушы – «БизнесСтройПроект» ЖШС.
Дархан Сатыбалды жөндеуге жауаптылардың басын қосып, жылу орталығында жиналыс өткізді. Облыс әкімі мердігерлерге кестеден қалған әр күнге белгіленген айыппұлдың артатынын ескертті. Жаңа жылу маусымына 4 бірдей қазандық толықтай жаңадан орнатылады. Тағы екі қазандық күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылады. Қазандықтар, турбиналар және басқа да қосалқы жабдықтар ретке келтіріледі. Отын тасымалдау цехтары жаңартылады. Мыңдаған қосалқы бөлшектері ауыстырылып, жөнделеді. Облыс әкімі жұмыс ауқымдығын ескере отырып, жұмысты ширатып, жұмысшылар санын арттыруды тапсырды.
– Біздің қателесуге құқығымыз жоқ. Жылу орталығындағы жаңарту жұмыстары ерекше назарда. Басты талап – сапасы мен мерзімі. Осылар сақталуы тиіс. Тұрғындардың мүддесі қорғалып, жылудан мәселе туындамауы тиіс. Мойындарыңызға алған жүкті аса жауапкершілікпен атқарыңыздар. Келісімшартта көрсетілген барлық талаптардың толық орындалуы тиіс. Қажетті қаражат толық қаралған. Біз өз тарапымыздан әрі қарай да барлық жағдайды жасаймыз, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыс әкімі әр жеткізушімен жеке сөйлесіп, мән-жайды нақтылады. Қажетті құрал-жабдықтар мен қондырғылар шет мемелкеттерден тасымалданатын болғандықтан Барнаул, Новочеркасск, Төменгі Новгород қалаларындағы жеткізушілермен байланысты. Тапсырыстың орындалу барысы, мерзімі мен сапасының маңыздылығына тоқталды. Тасымалдау мәселесі тұрақты, сапасы стандартқа сай.
Келешекте жылу энергия орталығын газға ауыстыру көзделген. Осылайша бірнеше күрделі мәселелерді шешпек. Жалпы, Кентаудағы ЖЭО 14 000 астам абонентті жылумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 347 көпқабатты үй, 106 бюджеттік мекеме, 401 коммерциялық нысан және 2229 жеке сектордағы үй бар.
Келешекте жылу энергия орталығын, жылу қазандықтарын газға ауыстыру көзделген. Сонымен қатар қуаттылығы 240МВт газотурбиналық электростанция салу мақсатында жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жалпы, Кентаудағы ЖЭО 14 000 астам абонентті жылумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 347 көпқабатты үй, 106 бюджеттік мекеме, 401 коммерциялық нысан және 2229 жеке сектордағы үй бар.
90 жылдық тарихы бар ЖЭО-дағы электр энергиясының генерациясы орталықтың өз қажеттіліктерін өтеуге де жетпейді. Ал тариф күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кентау тұрғындарын және әлеуметтік нысандарды сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жөндеу жұмыстарына Үкімет резервінен 9 млрд. теңге, қалған 3,9 млрд. теңге облыстық бюджеттен қарастырылды.
Стратегиялық нысанда өткен жылы 4 қазандық демеушілер есебінен жөндеуден өткізілген. Сондай-ақ 6,6 шақырым магистральды жылу жүйелерін қайта құруға республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, 4,7 шақырым жылу магистралі толық ауыстырылды. Қалған 1,9 шақырым жылу желілерін жаңарту жұмыстарын қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар заңсыз жылу жүйесене қосылғандар әлі де анықталып, кәсіпкерлік нысандар мен жеке үйлер тексерілуде. Орталық жылуға заңсыз қосылғандар орталық жылу көзінен ажыратылады. Тұрғын үйлердің ішкі жылу құбырлары да тозған. Жылу сапасын жақсарту жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Орталыққа қосылған барлық 347 көпқабатты үй қысыммен жуып шаю жұмыстары атқарылды. 130,5 шақырым ішкі орам жүйелері қысыммен жуып шаю жұмыстары және магистральдық жылу құбырларын қысыммен жуып шаю жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -