Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 32363 әскери бөлімінде жаңадан келген сержанттардың жиыны өтуде
Қонаев гарнизонының десанттық-шабуылдау бригадасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери колледждерін бітірген сержанттардың оқу-әдістемелік жиыны өтуде.
Жаңадан келген сержанттарды әскери қызмет жағдайларына бейімдеу – бұл күрделі әрі алуан түрлі процесс. Оның нәтижесі кіші командирдің барлық кәсіби қызметінің тиімділігін анықтайтын маңызды фактор болып табылады. Сержант тезірек сапқа тұрып, егер оның алғашқы айлардағы жағдайы қолайлы болса, алға қойылған міндеттерді сәтті шеше алады.
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімдерінде жас мамандарды қызметке тез бейімдеу, оларды әлеуметтік қорғау, оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде жан-жақты көмек көрсету үшін қажетті жағдайлар жасауға өте маңызды мән беріледі. Жыл сайын түлектердің келуі қарсаңында бөлімде бірыңғай кешенді жұмыс жоспары әзірленеіп, жас сержанттардың кәсіби даярлық деңгейі айқындалады және олармен жұмыс істеудің негізгі міндеттері мен бағыттары қалыптастырылады.
Басты назар олардың әлеуметтік-психологиялық және кәсіби бейімделуіне, әскери ұжымға кіруіне жағдай жасауға аударылады. Жаңадан келгендерді қарсы алу бойынша іс-шаралар жоспарлануда. Оның ішінде оларды орналастыру, заттай мүлікпен қамтамасыз ету, көтерме жәрдемақы төлеу, тәлімгерлер белгілеу шаралары бар.
Сабақ барысында сержанттар жауынгерлік даярлық пәндері бойынша жақсы нәтижелер көрсетіп, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қару-жарағы мен техникасымен танысады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -