ДСМ: Қазақстанда жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты: Шығыс Қазақстан облысы, 27 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ДСМ: Қазақстанда жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Елімізде жұқпалы аурулар бойынша елімізде эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Халық арасында жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде оба, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф, құтыру және өзге де 16 жұқпалы ауру бойынша жағдайлар тіркелмеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында хабарлады.Оның айтуынша, 40 инфекция бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуіне қол жеткізілді, оның ішінде коронавирустық инфекция 5,7 есе, лептоспироз 2,5 есе, сібір жарасы - 46,5%, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – 40,6%, скарлатина – 39%, бруцеллез 19,5%, эхинококкоз 15,2%, қызылша 6,3%.

«Жедел респираторлық вирустық инфекция және тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық маусымы жалғасуда, елімізде жыл сайын эпидемиологиялық маусымда қазаннан сәуірге дейін жедел респираторлық вирустық инфекцияның 4-5 млн жағдайы және тұмаудың 2 мыңға дейін жағдайы тіркеледі. Жалпы республика бойынша ағымдағы эпидемиологиялық маусымдағы сырқаттанушылықтың өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмендеуі байқалады», – деді спикер.

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері тұмаудың зертханалық расталған 1686 жағдайы тіркелді. Оның ішінде А тұмауы (H1N1) – 92,5% (1559 жағдай), А(H3N2) – 0,9% (16 жағдай), В тұмауы – 6,6% (111 жағдай). Жалпы республика бойынша тұмауға қарсы 2,3 млн астам адам егілді, бұл республика халқының 11,6%-ын құрайды.

Пандемияның аяқталғанына қарамастан, халық арасында коронавирустық инфекциялармен сырқаттанушылыққа тұрақты негізде мониторинг жүргізіліп жатыр.

Биыл 1 қаңтардан бастап республикада коронавирустық инфекциялардың 51 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 7 есе төмен. Бүгінгі таңда COVID-19 денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдайды ретінде қабылданбайды. Ауру негізінен жеңіл өтеді, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді, науқастар амбулаториялық жағдайда ем алады.ortcom.kz

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ДСМ: Қазақстанда жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Елімізде жұқпалы аурулар бойынша елімізде эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Халық арасында жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде оба, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф, құтыру және өзге де 16 жұқпалы ауру бойынша жағдайлар тіркелмеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында хабарлады.Оның айтуынша, 40 инфекция бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуіне қол жеткізілді, оның ішінде коронавирустық инфекция 5,7 есе, лептоспироз 2,5 есе, сібір жарасы - 46,5%, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – 40,6%, скарлатина – 39%, бруцеллез 19,5%, эхинококкоз 15,2%, қызылша 6,3%.

«Жедел респираторлық вирустық инфекция және тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық маусымы жалғасуда, елімізде жыл сайын эпидемиологиялық маусымда қазаннан сәуірге дейін жедел респираторлық вирустық инфекцияның 4-5 млн жағдайы және тұмаудың 2 мыңға дейін жағдайы тіркеледі. Жалпы республика бойынша ағымдағы эпидемиологиялық маусымдағы сырқаттанушылықтың өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмендеуі байқалады», – деді спикер.

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері тұмаудың зертханалық расталған 1686 жағдайы тіркелді. Оның ішінде А тұмауы (H1N1) – 92,5% (1559 жағдай), А(H3N2) – 0,9% (16 жағдай), В тұмауы – 6,6% (111 жағдай). Жалпы республика бойынша тұмауға қарсы 2,3 млн астам адам егілді, бұл республика халқының 11,6%-ын құрайды.

Пандемияның аяқталғанына қарамастан, халық арасында коронавирустық инфекциялармен сырқаттанушылыққа тұрақты негізде мониторинг жүргізіліп жатыр.

Биыл 1 қаңтардан бастап республикада коронавирустық инфекциялардың 51 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 7 есе төмен. Бүгінгі таңда COVID-19 денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдайды ретінде қабылданбайды. Ауру негізінен жеңіл өтеді, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді, науқастар амбулаториялық жағдайда ем алады.ortcom.kz

Аймақтағы жаңалықтар