Еңбек адамы: Апаттар медицинасы орталығының дәрігер-реанимотологы
Андрей Злобин Апаттар медицинасы орталығының Шығыс Қазақстан филиалының дәрігер-реанимотологы.
Медицинада 15 жылдан астам уақыт, соңғы 5 жыл төтенше жағдайлар жүйесінде жұмыс істейді.
Күрделі, қауіпті, қысылтаяң жағдайларда медициналық көмек көрсетеді.
Оннан астам құтқарылған өмір. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша «ҚР ТЖМ 2021 жылдың үздік дәрігері» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
- Андрей сіз бұл күрделі мамандыққа қалай келдіңіз?
- Біз дәрігерлер династиясынанбыз. Менің анам, ағам және әйелім, өзім де дәрігермін. Тіпті достар, барлығы дерлік медициналық бизнеспен байланысты. Анам медбике болып жұмыс істеді, мен мектепте оқып жүрген кезімде маған өте қызық болды. Мен оның артынан еріп жүретінмін, шақыруларға бардым, көмектестім, дәрі-дәрмек беретінмін, әрине, анамның бақылаумен. Содан кейін арнайы әдебиеттерді оқи бастадым, әрдайым қызығушылық таныттым және мектептен кейін бірден осы мамандыққа бардым.
- Сіздің қызметіңіз әдеттегі медициналық көмектен несімен ерекшеленеді?
- Мұнда ауруханадан айырмашылығы дала жағдайында жұмыс істеуге, тіпті кейде шағын операциялар жүргізуге тура келеді. Мұнда жұмыс істеу және халыққа нақты көмек көрсету қызықты. ТЖ ошағының шекарасындағы Апаттар медицинасының дәрігері барлық медициналық күштерге басшылық жасайды, соның ішінде бригада персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
- Қандай сын-қатерлер жиі кездеседі және кімге көмек көрсету керек?
- Барлығы маусымға байланысты. Жазғы кезеңнің басталуымен су айдындарында, ЖКО кезінде, қысқы кезеңде улы газдан зардап шеккендерге, қар құрсауында қалғандарға, көктемде және күзде өрттен зардап шеккендер күйік алған кезде көмек көрсетеміз.
- Сіз, реаниматологсыз, адамды өмірге қайтарған кезде қандай сезімде боласыз?
- Әрине, ерекше толқу болады. «Сіз өліммен бетпе-бет арпалысасыз» және адамды ажалдан алып қалған кезде сіз құтқарылған адамның көзқарасынан өмір сүруге деген ұмтылыс пен құштарлықты көресіз. Бұны жай сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Медицина - бұл өте қажетті және өте қызықты мамандық.
- Сіз адамның өмірін құтқарған жағдай болды ма?
- Бұл санавиация ұшағы апаттық жағдайда қонған кезде болды, оқиға орнына жақындаған кезде біз төңкеріліп жатқан ұшақты көрдік, қыс кезі, қар қалың еді және қону алаңы арқылы қалың қар қабатынан өтуге тура келді, онымен қоса медициналық жабдықтарды, дәрі-дәрмектер мен шиналарды алып жүру керек болды. Ұшақ бортында болған санавиация ұшқыштары мен дәрігерлерін қарап шығып, алғашқы көмек көрсеттік, оларды тасымалдауға көмектестік. Сондай-ақ менің кезекшілігімде жетуі қиын жерден тікұшақпен эвакуациялау жүргізілді және тауда жарақат алған аяғы сынған ер адамға жедел медициналық көмек көрсетілді. Бірнеше күн бойы ол қозғалыссыз күйде болған және ауырсынуды басатын көптеген дәрілерді қабылдаған, денесі сусызданған. Кәсіби және тиімді көмек көрсетілді.
- ЖРВИ маусымы кезінде дәрігер ретінде халыққа не кеңес бересіз және қандай дәрумендерді қабылдау керек?
- Витаминдер ішу керек, бетперде режимін сақтауды, адамдар көп жиналатын нысандарға барудан аулақ болуды, таңқурай қосылған шай ішуді, денсаулығыңызды сақтауды, салауатты өмір салтын ұстануды ұмытпаңыз.
- Ал сіз қалай тамақтанасыз, халық не нәрсеге назар аударуы керек, қандай өнімдерді таңдаған жөн?
- Жемістер, көкөністер, ұлттық тағамдарға, етке, балыққа артықшылық беріңіз. Мысалы, зиянды тәтті және майонез өнімдерін шектеңіз.
- Уақытты қалай өткізуді ұнатасыз? Хоббиіңіз?
- Серуендеуді, туризмді, жүзуді жақсы көремін, саяхаттауға, бос уақытымды белсенді өткізуге тырысамын. Мен суретке түсіруді жақсы көремін және көптеген адам менің суреттеріме өте жоғары баға береді.
-Алғашқы көмек көрсетудің табыстылығы неге байланысты?
- Зардап шегушіге тезірек жетіп, алғашқы көмек көрсету. Ондаған жылдар бойы «алтын сағаттың» бар екендігі белгілі - қиын жағдайға тап болған адамның денсаулығы өмір мен өлімнің алдында тепе-теңдікте болатын және зардап шеккен адамға ең тиімді көмек көрсетілетін уақыт. Адам ағзасы кенеттен және ауыр жарақаттармен максималды компенсаторлық функцияларды шамамен 1 сағат бойы тұрақты күйде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Дәл осы уақыт ішінде апаттан кейін медициналық көмек көрсету тиімді және қауіпті асқынулардың дамуын азайтуға мүмкіндік береді.
- Сіз өз бетінше білім алумен айналысасыз ба? Анықтамалық кітаптар мен энциклопедияларды оқисыз ба?
- Үнемі өзімді дамытумен айналысамын, көп оқимын, әлеуметтік желілерде ақпаратты қараймын, қол жеткізген жетістіктеріммен тоқтап қалмаймын.
- Сіз көмектескен адамдардан жиі алғыс естисіз бе?
Алғашқы минуттарда, адамды есіне келтірген кезде, олар "рахмет" айтуға шамасы келмей жатады. Бірақ кейін, біраз уақыттан кейін олар ризашылықтарын білдіріп жатады, кейбір әжелер тіпті асын ұсынып, тамақтандыруға тырысқан кездер де болды…
- АМО-да ЖКО, өрт, ТЖ кезінде зардап шеккендерге шағын операция жүргізуге қандай мүмкіндіктер мен техника бар ма?
Осы жылы филиал заманауи реанимобиль-автокөлігін алды.
ШҚ филиалының дәрігерлері жол бойында стационардағыдай көмек көрсете алады. Реанимобильдің ішінде барлық қажетті жабдықтар, жарықтандыру бар және оған жағдай жасалған.
- Сіз АМО дәрігерлері, құтқару бөлімшелері арасында өткен республикалық байқаудың жеңімпазы атандыңыз, қандай қиындықтар болды және жеңіске қалай жеттіңіз?
Байқау онлайн форматта өтті. Комиссия мүшелері қатысушыларға зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету саласында сұрақтар қойды.
Мысалы, «зардап шегушінің шок жағдайының алғашқы белгілері», «гипогликемия кезінде зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек», «жәбірленушінің биологиялық өлімінің алғашқы белгілері қандай», «инсульт кезіндегі алғашқы көмек» және басқалар. Қорытындысы бойынша жеңімпаз атандым. Жақсы дәрігер болу үшін ақыл, түйсік, жауапкершілік, тиянақтылық, стресске төзімділік қажет. Бұл мамандықты игергісі келетін адам қайсар мінезді, жігерлі, жауапты, нақты, қозғалыстары үйлескен, реакциясы жылдам болуы тиіс.
- Сіз күні бойы қандай әрекетсіз тұра алмайсыз?
- Жақсы көңіл-күйде болып, жымиып жүремін. Мен өте позитивті адаммын, қақтығыстардан аулақ болуға тырысамын.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -