Еңбек министрлігінде «Халықтық заңгер» акциясы аясында азаматтарды қабылдау өтеді
2024 жылғы 30 мамырда сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін «Халықтық заңгер» жыл сайынғы республикалық акциясы аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтардың сұрақтары жөнінде құқықтық көмек көрсету бойынша азаматтарды қабылдау өтеді.
Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық көмек көрсету. Өтініш білдірушілер әлеуметтік-еңбек саласын регламенттейтін қолданыстағы заңнама нормалары бойынша толыққанды консультациялар ала алады.
Консультацияны Еңбекминінің құрылымдық бөлімшелері мен комитеттерінің басшылары мен мамандары жүргізеді.
Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимараты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -