Еңбекмині мүгедектігі бар адамдар арасында сауалнама жүргізеді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізеді. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірлеу үшін халықтың осы санатының пікірлері мен қажеттіліктерін зерделеу.
Сауалнама кез келген цифрлық құрылғылардан (смартфон, компьютер, планшет) онлайн сауалнаманы толтыру әдісімен жүргізіледі.
Біз әрбір азаматқа зерттеуге қолдау көрсетіп, шынайы жауап беру арқылы көмектескеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Тиісті сілтемелер арқылы сауалнаманы толтыру тілін таңдаңыз.
Қазақ тіліндегі сауалнама:
https://panel.simpleforms.ru/77G89rBJkevesMQMh3f6A
Орыс тіліндегі сауалнама:
https://panel.simpleforms.ru/J0VepyxWL0fy7OIuEciw
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -