Еңбекминінде адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері талқыланды: Астана қаласы, 28 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Еңбекминінде адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – Еңбекмині) ведомство басшысы Светлана Жақыпованың төрағалығымен Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Іс-шараға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, оның ішінде Орталық Азия бойынша Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымының (бұдан әрі – ХКҰ) субөңірлік үйлестірушісі, ХКҰ-ның Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы миссиясының басшысы Зейнал Гаджиев қатысты.

Светлана Жақыпова өзінің алғы сөзінде Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын өткізу жөніндегі жұмыс органының функциялары Еңбекминіне берілгенін атап өтті.

«Кеше ғана ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысының екі оқылымында «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң мақұлданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаттары: адам саудасы құрбандарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау. Заңға қол қойылғаннан кейін Мемлекет басшысы заңға тәуелді актілерді әзірлеу және бекіту бойынша үлкен жұмыс жүргізетін болады», – деді министр.

Отырыс барысында мемлекеттік еңбек инспекторларының мәжбүрлі еңбек фактілерін анықтау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы, жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әкетуге, әкелуге және адам саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы, сондай-ақ шетел азаматтарын-адам саудасының құрбандарын репатриациялау мәселелері: ХКҰ-ның Қазақстандағы 2000-2020 жылдардағы тәжірибесі туралы мәселелер қаралды.

Ақпарат көзі: Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – Еңбекмині) ведомство басшысы Светлана Жақыпованың төрағалығымен Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Іс-шараға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, оның ішінде Орталық Азия бойынша Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымының (бұдан әрі – ХКҰ) субөңірлік үйлестірушісі, ХКҰ-ның Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы миссиясының басшысы Зейнал Гаджиев қатысты.

Светлана Жақыпова өзінің алғы сөзінде Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын өткізу жөніндегі жұмыс органының функциялары Еңбекминіне берілгенін атап өтті.

«Кеше ғана ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысының екі оқылымында «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң мақұлданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаттары: адам саудасы құрбандарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау. Заңға қол қойылғаннан кейін Мемлекет басшысы заңға тәуелді актілерді әзірлеу және бекіту бойынша үлкен жұмыс жүргізетін болады», – деді министр.

Отырыс барысында мемлекеттік еңбек инспекторларының мәжбүрлі еңбек фактілерін анықтау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы, жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әкетуге, әкелуге және адам саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы, сондай-ақ шетел азаматтарын-адам саудасының құрбандарын репатриациялау мәселелері: ХКҰ-ның Қазақстандағы 2000-2020 жылдардағы тәжірибесі туралы мәселелер қаралды.

Аймақтағы жаңалықтар