ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАЛАРЫНДА «ТАЗА АУЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізілуде.Бүгін Еңбекші ауданы Әлімбетов көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің аулаларында «Таза аула» акциясы өтті.
Қала тұрғындары мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері қатысқан іс-шарада аулаларды ретке келтіру, тазалау, қоқыстарды шығару, қоршаулар мен орындықтарды сырлау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
«Акцияға біз де үлесімізді қосып жатырмыз. Президентіміздің тапсырмасына сай, қаламыздың барлық аудандарында осындай экологиялық акциялар өтіп жатыр. Бүгін қала тұрғындарымен бірігіп, аулаларды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта осындай эколлгиялық акцияларға белсенді қатысамыз», - дейді Еңбекші ауданы бойынша «Жасыл ел» штабының үйлестірушісі Айгерім Нұрлан.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының басты мақсаты - халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлық сезімін ояту. Аталған акция Шымкент қаласында ары қарай да өз жалғасын таппақ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -