«Экспресс Займ «Микроқаржылық ұйымы» ЖШС лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қарағанды қ. өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2024 ж. «14» мамырдың №8 бұйрығына сәйкес «Экспресс Займ» МҚҰ» ЖШС-ның (бұдан әрі – МҚҰ) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы қолданысы 3 ай мерзімге тоқтатыла тұрды. «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын орындамау лицензияның қолданысын тоқтата тұруға негіз болды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуына және оларды микроқаржы ұйымының міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтіндей етіп өзгертуіне тыйым салуға алып келеді. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес МҚҰ алдындағы міндеттемелердің орындалмағаны үшін жауапты болады.
Байланыс нөмірлері : +7 (727) 237-11-11, ішкі: 6447, +7 (7212) 502-293, ішкі: 6050
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -