Энергетика министрлігі «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын әзірледі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2024 жылғы 14 тамыздағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Мұнай-газ саласы мәселелері жөніндегі кеңес хаттамасының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына және «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын (РСКҚ) әзірледі.
Осы заңды қабылдаудың мақсаты-саланы шикізатпен қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялар тартуды ынталандыру және мұнай-газ химиясы саласына мемлекеттік қолдау көрсету. Осы Заңның қабылдануы мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту және Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ.
РСКҚ «Kazenergy» Қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ және «Мұнай-газ-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы (Мұнай-газ-химия Қауымдастығы)» ЗТБ қатысуымен әзірленгенін атап өтеміз.
Министрлік барлық мүдделі тұлғаларды жобаны талқылауға қатысуға шақырады. РСКҚ «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -