Энергетика саласының басым бағыттары талқыланды: Астана қаласы, 05 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Энергетика саласының басым бағыттары талқыланды

Астана қаласы Аманат партиясының «Бірлік» аумақтық филиалының атқарушы хатшысы Есенбек Серкебаевтың қатысуымен ҚР Энергетика министрлігінің «Энергетика» бастауыш партия ұйымының отырысы өтті. Жиында еліміздің энергетика саласындағы маңызды міндеттер мен стратегиялық бағыттар кеңінен қарастырылып, Мемлекет басшысының осы салаға қатысты айтқан бастамаларына ерекше назар аударылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, еңбек адамдарына айрықша көңіл бөлуді тапсырған болатын. Бұл бастама ел экономикасының маңызды салаларында еңбек етіп жүрген мамандардың мәртебесін арттыруға, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, сондай-ақ кәсіби даярлық деңгейін жоғарылатуға үлкен мүмкіндік береді.

Энергетика, құрылыс, өнеркәсіп және басқа да өндірістік салалардағы жұмысшылар – ел дамуының негізгі тірегі. Осыған орай, жұмысшылардың біліктілігін арттыру, олардың еңбегін әділ бағалау және еңбек жағдайын жақсарту – басты басымдықтардың бірі болмақ. Кездесу барысында еліміздің энергетика саласын дамыту жолдары, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін енгізу, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, жаңа технологияларды игеру және отандық мамандарды даярлау мәселелері де сөз болды.

Әсіресе, елде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі талқыланып, оның энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы ерекше атап өтілді. Сарапшылардың пікірінше, АЭС – тұрақты әрі экологиялық таза энергия көзі ретінде Қазақстанның энергетикалық тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.

2025 жылға арналған бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді.

Ақпарат көзі: Министерство энергетики Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Астана қаласы Аманат партиясының «Бірлік» аумақтық филиалының атқарушы хатшысы Есенбек Серкебаевтың қатысуымен ҚР Энергетика министрлігінің «Энергетика» бастауыш партия ұйымының отырысы өтті. Жиында еліміздің энергетика саласындағы маңызды міндеттер мен стратегиялық бағыттар кеңінен қарастырылып, Мемлекет басшысының осы салаға қатысты айтқан бастамаларына ерекше назар аударылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, еңбек адамдарына айрықша көңіл бөлуді тапсырған болатын. Бұл бастама ел экономикасының маңызды салаларында еңбек етіп жүрген мамандардың мәртебесін арттыруға, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, сондай-ақ кәсіби даярлық деңгейін жоғарылатуға үлкен мүмкіндік береді.

Энергетика, құрылыс, өнеркәсіп және басқа да өндірістік салалардағы жұмысшылар – ел дамуының негізгі тірегі. Осыған орай, жұмысшылардың біліктілігін арттыру, олардың еңбегін әділ бағалау және еңбек жағдайын жақсарту – басты басымдықтардың бірі болмақ. Кездесу барысында еліміздің энергетика саласын дамыту жолдары, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін енгізу, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, жаңа технологияларды игеру және отандық мамандарды даярлау мәселелері де сөз болды.

Әсіресе, елде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі талқыланып, оның энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы ерекше атап өтілді. Сарапшылардың пікірінше, АЭС – тұрақты әрі экологиялық таза энергия көзі ретінде Қазақстанның энергетикалық тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.

2025 жылға арналған бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді.

Аймақтағы жаңалықтар