Энергетика вице-министрі Жезқазған ЖЭО-на барды
Алдағы жылыту маусымына дайындықты бақылау аясында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов "Қазақмыс энерджи" ЖШС Жезқазған ЖЭО-на барды.
ЖЭО-да ол жөндеу және реконструктивтік жұмыстардың барысымен танысты, ЖЭО басшылығымен кеңес өткізді. Қорытындысы бойынша жоспарланған жөндеу жұмыстарының мерзімдерін мүлтіксіз сақтау және қажетті материалдар мен жабдықтарды алдын ала жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Ағымдағы жылы ЖЭО бойынша № 5, 7 қазандықтарды және № 6 турбиналарды күрделі жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ № 8 қазандықты жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта № 11 қазандыққа ағымдағы жөндеу және № 8 турбинаға кеңейтілген-ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -