«Е-өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқыту жиыны өтті
Квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметкерлері үшін өтініш берушілер тиімді коммуникациялар және ӘРПК (Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі) нормаларын түсіндіру және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқыту жиыны өтті.
Жиында Атырау облысы әкімі аппараты, прокуратура, Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жауапты мамандары қатысып, ақпараттық жүйе туралы баяндама оқыды.
Жиынға Атырау облысы білім беру басқармасына қарасты білім беру мекемелерінен 800-ге жуық жауапты мамандар қатысты.
Құзіретті органдардың мамандары тарапынан жиын барысында туындаған сұрақтарға жауап берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -