ЕҰУ-ДА 2 656 ОРЫНДЫҚ ЕҢ ҮЛКЕН СТУДЕНТТЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ: Астана қаласы, 06 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ЕҰУ-ДА 2 656 ОРЫНДЫҚ ЕҢ ҮЛКЕН СТУДЕНТТЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен заманауи ең үлкен Студенттер үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, сондай-ақ университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Студенттер үйі кешені үш блоктан тұрып, 2 656 орынға арналған. Алты қабатты ғимараттың ауданы 15 мың шаршы метрді құрайды. Әр блокта студенттерге жайлы тұру үшін коворкинг, кітапхана, спорт және коммерциялық жайлар қарастырылған. Студенттер үйі өрттен қорғау жүйесі және толық Wi-Fi желісімен жабдықталған. Онда оқу орнының бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері орналасады. Ғимарат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Президентке студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу арқылы академиялық хаб құру бағыттары жөнінде баяндады. Сондай-ақ ол жаңа жатақхананың ерекшелігі мүмкіндігі шектеулі студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуінде екенін атап өтті.

Осы мақсатта кешенде қолжетімділікті, жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар ескерілген. Студенттер үйі қолайлы лифт, кең есіктер мен жуынатын бөлмелерді қоса алғанда, қажетті құралдар және арнайы төсек-орын, жиһаздармен жабдықталған. Барлық дизайн мен инфрақұрылым білім алушылар үшін ыңғайлы, кедергісіз орта құруға бағытталған.

«Жатақхана – бұл тек тұрғын үй ғана емес, сонымен бірге студенттердің жан-жақты дамуына ықпал ететін экожүйе. Бүгін ашылған ЕҰУ студенттік кешені Қазақстан тарихындағы ең ірі жатақханалардың бірі, 2656 орынға есептелген студенттік үй. Оның басты ерекшелігі – мүмкіндігі шектеулі студенттердің жайлы өмір сүруіне арналған арнайы жағдайлардың қарастырылуы. Бұл блокта қолжетімділік, жайлылық және қауіпсіздік талаптары толықтай ескерілген. Дизайн мен инфрақұрылым ерекше қажеттіліктері бар жастарға қолайлы орта құруға бағытталған. Біз жоғары білім беру жүйесінің инфрақұрылымын жетілдіру бойынша жұмысымызды жалғастыра береміз. Бұл бағыттағы күш-жігеріміз студенттерге барынша қолайлы жағдай жасап, білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді министр С.Нұрбек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта жүгізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беріп, білім беру саласы мен жастар арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды рөлін атап өтті. Студенттермен әңгіме барысында Президент жастарды елдің басты үміті деп атады. Сондай-ақ Қазақстандағы цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуына тоқталып, еліміздегі барлық салаларға озық технологиялар енгізілетінін атап өтті.

«Бүгін Қазақстанда алғаш рет осындай ірі студенттік жатақхана ашылып жатқаны айтулы тарихи оқиға. Студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі бірнеше жыл бойы өзектілігін жоғалтпайтыны белгілі. Еуразия ұлттық университеті студенттерге қолайлы жағдай жасауды бірінші орынға қоя отырып, бүгінгі мақсатқа жету жолында бар күшін салды. Жаңа Студенттер үйі ЕҰУ студенттеріне арналған жатақханалардың жетіспеушілігі мәселесін шешеді. Бұл үй ерекше, өйткені мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Алдағы уақытта жаңа Студенттер үйінің құрылысын жалғастырып, білім алушыларымызға бұдан да көп жағдай жасауды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

ЕҰУ-дың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ләзат Төлегенқызының айтуынша, бүгінде ЕҰУ-да білім алғысы келетін мүмкіндігі шектеулі жандардың саны артып келеді.

«Мүміндігі шектеулі жандардың ең көбі біздің университетте оқиды – 182 студент. Олар үшін кедергісіз орта, барлық сұраныстарды сақтай отырып, барынша қолайлы бейімделу жағдайлары жасалуда», - дейді проректор.

Ләззат Төлегенқызы студенттерді жаңа жатақханада тұру үшін орналастыру ЕҰУ цифрлық платформасында онлайн режимде жүзеге асырылатынын жеткізді.

Мердігер ұйымның өкілі Мадияр Саттыбаев әр блокта студенттердің демалуына арналған рекреациялық орталықтар, ата-аналардың күтуіне арналған орындар бар екенін айтты.

«Қауіпсіздік мақсатында кіреберісте Face ID және барлық қабаттың қабырғаларына бейнекамера орналастырылған. Әр қабатта тамақтану орындары және жертөлелерде кір жуатын орындар мен сақтау бөлмелері бар», - деді спикер.

ЕҰУ студенттері де жаңа баспана туралы алғашқы әсерлерімен бөлісті. ЕҰУ тарих факультетінің студенті Руслан Ержанов жатақхананың халықаралық стандарттарға сай екенін қуана жеткізді.

Студенттерді орналастыру 2025 жылдың қаңтар айының екінші онкүндігіне жоспарланған.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар