Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы 674 фермер қаржы алды: Астана қаласы, 07 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы 674 фермер қаржы алды

Мемлекет басшысының 2025 жылдың көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жеңілдетілген кредит беру бойынша өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 29 қарашада басталды. Бұл шаралар шаруалардың қажетті іс-шараларды сапалы өткізуі, тұқымдар мен тыңайтқыштар сатып алуы және техниканы дайындауы үшін қабылданды. Қазіргі таңда жалпы сомасы 153,9 млрд теңгені құрайтын 1337 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі Корпорацияға жүгінген. Оның ішіндегі жалпы сомасы 136,2 млрд теңге болатын 1002 фермердің өтінімі қаралуда. Ал 674 фермер көктемгі егін егу науқанына 100,2 млрд теңге несие қаржыларын алып үлгерді.

Астық егетін өңірлер - Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының АШТӨ-лері белсенділік танытуда.

«Максимовское» ЖШС «Кең дала 2» бағдарламасына қатысу үшін өтінім берген алғашқы шаруашылықтардың бірі болды.

«2024 жылғы көктемгі егіс жұмыстары басталар алдында бізге «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша кредит алу ұсынылды. Біз 500 млн теңге көлемінде қаражат алдық, өсімдіктерді қорғау құралдары мен тыңайтқыштарға қатысты барлық міндеттемелерді өтедік. Егін жинау жұмыстарын сәтті аяқтап, қарызымызды жаптық. 2025 жылдың көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру бағдарламасының арқасында біз қазірдің өзінде 800 млн теңге алдық. Бұл бағдарлама теңдессіз. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бұдан жақсысын ойлап табу мүмкін емес деп ойлаймын», – деді «Максимовское» ЖШС директоры Александр Закусилов.

Еске сала кетейік, Президенттің тапсырмасын орындау аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінеді, оның шамамен 560 млрд теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылады. Үкімет қабылдаған шаралар шаруаларға ең қолайлы шарттармен қаржылық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қарыздарды рәсімдеу мен өтеу үшін жүгінуге болатын қаржы институттарының саны көбейтілді. Қаржыландыру екінші деңгейлі банктер, кредит серіктестіктері, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы қолжетімді болады.

Кепілдік қамтамасыз етудің жетіспеушілігін шешу мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қарыз сомасының 85%-ына дейін кепілдік беруді қарастырған.

Ақпарат көзі: Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар