ЕАДБ гранттық қаржыландыруының қолдауымен GovStack жобасы аясында «ҰАТ» АҚ және ХЭО ынтымақтастықты нығайтты
Бұған дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (« ҰАТ» АҚ) мен Халықаралық электробайланыс одағы (ХЭО) ТМД елдерінде электрондық үкіметті дамытуға бағытталған GovStack жобасы шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Қол қойылған келісімдердің түпнұсқаларымен алмасу «Digital Almaty 2025» форумы аясында өтті. Сондай-ақ, форумда «ҰАТ» АҚ мен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) арасында GovStack жобасын іске асыруға грант бөлуді қарастыратын келісімге қол қойылды.
GovStack – 2020 жылы ХЭО, Эстония, Германия және БҰҰ-ның қолдауымен Digital Impact Alliance (Цифрлық әсер альянсы) құрған халықаралық бастама. Жоба әлем елдерінде цифрлық трансформацияны жеделдетуге бағытталған және жеке сектор, азаматтық қоғам мен үкімет сарапшыларын біріктіреді.
GovStack жобасы ТМД аймағындағы мүдделі тараптарға (үкіметтер мен мекемелерге) цифрлық қызметтерді дамыту және енгізу, сондай-ақ GovStack тәсілдері, құралдары мен ресурстарын пайдалана отырып, серіктес ұйымдардың сараптамасы мен тәжірибесін тарту арқылы әлеуетін арттыруға көмектеседі.
Жоба аясында әрбір қатысушы ел электрондық үкіметті дамыту мен мемлекеттік қызметтерді жетілдіру бағытындағы үздік тәжірибелерімен бөліседі. «ҰАТ» АҚ өз кезегінде электрондық үкіметті құру, эталондық архитектураларды әзірлеу, бизнес-процестердің реинжинирингін және мемлекеттік қызметтерді проактивті форматқа көшіру саласындағы тәжірибесімен бөліседі.
«Біз көрсетілген сенім үшін алғысымызды білдіреміз және бұл жобаның ауқымы мен маңыздылығын жақсы түсінеміз. Осындай халықаралық серіктестермен жұмыс істеу – үлкен жауапкершілік қана емес, сонымен қатар Қазақстан мен басқа да ТМД елдерінде электрондық үкіметті дамытуға үлес қосудың бірегей мүмкіндігі. Біз GovStack жобасын табысты іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді саламыз», – деп атап өтті «ҰАТ» АҚ Басқарма Төрағасы Баян Конирбаев.
«ҰАТ» АҚ-ның GovStack жобасына қосқан үлесі Еуразиялық даму банкімен жасалған келісім аясында бөлінген гранттық қаржыландырудың арқасында мүмкін болғанын атап өту маңызды. Бұл өз кезегінде жобаның және оның ұлттық цифрлық трансформацияны қолдайтын тиімді шешімдерді әзірлеуге қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді.
Қосымша ақпарат алу үшін мында хабарласуыңызды сұраймыз:
« ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы
Жайнагүл Сейдахметова
+7 778 602 26 26
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -