ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ, ЖАСТАРДЫ ИГІ ІСКЕ ЖҰМЫЛДЫРУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ: Түркістан облысы, 10 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ, ЖАСТАРДЫ ИГІ ІСКЕ ЖҰМЫЛДЫРУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ, ЖАСТАРДЫ ИГІ ІСКЕ ЖҰМЫЛДЫРУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ, ЖАСТАРДЫ ИГІ ІСКЕ ЖҰМЫЛДЫРУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

Түркістанда қоғамдық-саяси ахуал және этносаралық қатынастар мәселелерін талқылау мақсатында штаб отырысы өтті. Басқосуда жастар, этносаралық қатынас, жер дауы мәселелері тарқатылды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда тұруы керектігін,

басқарма, аудан әкімдігінің қызметкерлері өзіне жүктелген міндетті сапалы орындауы тиіс екенін айтты. – Облыстағы қоғамдық ахуал тұрақты бақылауда болуы тиіс. Тұрғындардың талап-тілегі мен өтініштеріне жедел үн қату керек. Халық көп шоғырланған ауылдарға талдау жасалып, жастар арасында жұмыссыздықты жою, мемлекеттік бағдарламаларға тарту шаралары күшейтілсін. Елімізге танымал бизнес, өнер, спорт саласының майталмандарын шақырып, жаңаша форматтағы кездесулерді аудандар мен ауыл округтерінде ұйымдастырылған жөн. Бұдан бөлек жастарға ерекше назар аударып, қолдау көрсету маңызды. Биыл колледжге 15 мыңнан мемлекеттік тапсырыс бөлініп отыр. Грант жеткілікті. Жастарды білімге тарту бағытындағы жұмысты да жандандырыңыздар, – деген облыс әкімінің орынбасары нақты жұмыс жоспарын ұсынуды тапсырып, аталған бағыттағы жұмыстарды күшейтуді міндеттеді. Мәжілісте ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов пен қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев маңызды мәселелер бойынша баяндады. Жиын барысында Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Cәдибаев, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев аудандағы ахуал туралы айтып өтті. Жалпы облыс көлемінде халықтың мұң-мұқтажына жедел назар аудару, мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары екені ескеріліп, тиісті жұмыстар жалғасады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістанда қоғамдық-саяси ахуал және этносаралық қатынастар мәселелерін талқылау мақсатында штаб отырысы өтті. Басқосуда жастар, этносаралық қатынас, жер дауы мәселелері тарқатылды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда тұруы керектігін, <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>басқарма, аудан әкімдігінің қызметкерлері өзіне жүктелген міндетті сапалы орындауы тиіс екенін айтты. – Облыстағы қоғамдық ахуал тұрақты бақылауда болуы тиіс. Тұрғындардың талап-тілегі мен өтініштеріне жедел үн қату керек. Халық көп шоғырланған ауылдарға талдау жасалып, жастар арасында жұмыссыздықты жою, мемлекеттік бағдарламаларға тарту шаралары күшейтілсін. Елімізге танымал бизнес, өнер, спорт саласының майталмандарын шақырып, жаңаша форматтағы кездесулерді аудандар мен ауыл округтерінде ұйымдастырылған жөн. Бұдан бөлек жастарға ерекше назар аударып, қолдау көрсету маңызды. Биыл колледжге 15 мыңнан мемлекеттік тапсырыс бөлініп отыр. Грант жеткілікті. Жастарды білімге тарту бағытындағы жұмысты да жандандырыңыздар, – деген облыс әкімінің орынбасары нақты жұмыс жоспарын ұсынуды тапсырып, аталған бағыттағы жұмыстарды күшейтуді міндеттеді. Мәжілісте ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов пен қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев маңызды мәселелер бойынша баяндады. Жиын барысында Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Cәдибаев, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев аудандағы ахуал туралы айтып өтті. Жалпы облыс көлемінде халықтың мұң-мұқтажына жедел назар аудару, мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары екені ескеріліп, тиісті жұмыстар жалғасады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар