Еліміздегі қар құрсауы мен дауылды ескертулер: екі тәулік ішінде 700-ге жуық адам құтқарылды және эвакуацияланды
Өткен екі тәулікте ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты Қазақстанның автожолдарында ТЖМ 700-ге жуық адамды құтқарып, эвакуациялады. 15 өңірдің аумағында қалыптасқан күрделі метеорологиялық жағдайдың нәтижесінде республикалық маңызы бар автожолдардың 62 учаскесінде және облыстық маңызы бар 65-тен астам учаскеде қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қазгидрометтің мәліметінше соңғы тәулік ішінде елімізде 18 дауылды ескерту жарияланды, олар алдағы екі тәулікте де сақталады. Қатты қарлы боран мен қардың түсуі кезінде көріну айтарлықтай нашарлады, салдарынан автомобиль жолдарында көліктердің кептелістері орын алды.
ТЖМ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, жол және медициналық қызметтермен, волонтерлермен бірлесіп, халыққа көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырды. Автокөлік кептелесі орын алған орындарда жылытылатын шатырлар орналастырылды, ыстық тамақ ұйымдастырылды, сондай-ақ адамдарды орналастыру және ауыл шаруашылығы жануарларын жақын маңдағы елді мекендерге тасымалдау үшін пункттер дайындалды. Еліміздің 18 өңірінде жедел штабтар ашылды, жедел желі телефондары жұмыс істейді.
Өткен екі тәулікте Қазақстан ТЖМ күштерімен 337 шығу, іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарына 131 шығу жасалды. Операция барысында 685 адам, оның ішінде 40 бала құтқарылды және эвакуацияланды, сондай-ақ 60-тан астам көлік қар құрсауынан шығарылды.
Бірнеше құтқару операциясын ерекше атап өткен жөн:
Қарағанды облысындағы жүкті әйелге көмек.
Бүгін түнде қатты боран жағдайында құтқарушылар жүкті әйелді аудандық ауруханаға жеткізуге көмектесті. Ішінде әйел адам отырған жедел жәрдем көлігі ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолды жалғастыра алмады. Құтқарушылар жүкті әйелді Қарағанды облысының Осакаровка кентіне ТРЭКОЛ техникасымен жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды.
Жамбыл облысындағы жеті жасар балаға көмек.
21 қаңтарға қараған түні Жамбыл облысының Жуалы ауданында температурасы жоғары көтерілген жеті жасар бала туралы хабарлама келіп түсті. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты құтқарушылар жедел жәрдем қызметкерлерімен бірлесіп ТРЭКОЛ жол талмайтын көлігімен жолға шықты. Бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді, ол қазір дәрігерлердің бақылауында.
Ақтөбе облысындағы шетел азаматтарын эвакуациялау.
«Самара-Шымкент» тас жолында Өзбекстан Республикасынан Ресей Федерациясына бара жатқан шағын автобус бұзылып тұрып қалды. Жүргізуші көмек сұрап, құтқарушылар 9 жолаушыны, оның ішінде бір баланы жақын жердегі жылыту пунктіне эвакуациялады. Жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылды. Шетел азаматтары қазақстандық құтқарушыларға жеделдігі мен көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.
Маңғыстау облысында фурларды шығару.
Маңғыстау облысының Қарақия ауданында жауын - шашынның көп түсуіне байланысты «Қазақстан-Түрікменстан» тас жолында 52 жүк көлігі балшықта тұрып қалды. Құтқарушылар вахтада жүргізушілердің жылынуына жағдай жасап, жергілікті биліктің көмегімен көлікті жолдың тазартылған учаскелеріне сүйреп шығарды. Жүргізушілердің көпшілігі көрші елдердің азаматтары болды және құтқарушыларға көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
Ақмола облысындағы азаматтарды тасымалдау.
Ақмола облысында қатты боран кезінде елді мекенге қарай жаяу бара жатқан 13 адамды елордалық құтқарушылар байқады. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін олар ТЖМ вахтасында жақын маңдағы елді мекенге жедел жеткізілді.
Ұлытау облысында «Жезқазған-Сәтбаев» автожолындағы құтқару операциясы.
«Жезқазған-Сәтбаев» автожолында ауа райының нашарлауына байланысты 1200-ден астам автокөліктің кептелісі орын алды. ТЖМ құтқарушылары полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп, жақын маңдағы елді мекендерге дейін автоколоннаны қауіпсіз алып жүруді ұйымдастырды. Операция барысында 24 азаматқа көмек көрсетілді, 8 көлік эвакуацияланып, сүйреп шығарылды. Барлық адамдар қауіпсіз жерге жеткізілді.
ТЖД күшімен көмек көрсете отырып өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі қарлы учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізілді. Қазіргі уақытта қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс жүргізуді жалғастыруда.
Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -