Қазақстан Сыртқы істер министрі «Gateway Ventures C.A.» компаниясының басшысымен кездесті
Астана, 2025 жылғы 29 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Gateway Ventures C.A.» компаниясының басқарушы директоры Айотхи Даниэль Гунасиланды қабылдады.
Тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін және серіктес қатынастарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Қазақстандағы инвестициялық жобаларға ерекше назар аударылды.
Компания басшысы елімізде мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібіне арналған жабдықтар шығаратын зауыт салуды қоса алғанда, Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту жоспарларымен бөлісті.
Табысты ынтымақтастықтың негізгі аспектілерінің бірі – білім беру жобаларына инвестициялар. Бүгінгі таңда «Gateway Ventures C.A.» Қазақстанда үш халықаралық мектеп салды.
Сұхбат соңында компанияның одан әрі инвестициялық қызметін іске асыруға қажетті көмек көрсетуге дайындығы расталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -