ELORDA CUP: ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚОС БОКСШЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ: Түркістан облысы, 20 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ELORDA CUP: ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚОС БОКСШЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

ELORDA CUP: ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚОС БОКСШЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

ELORDA CUP: ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚОС БОКСШЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Астанада III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атақтарын қорғап қалды. 6 күнге жалғасқан бәсекеде жұдырықты жігіттер шаршы алаңда бар өнерлерін көрсетті. Ерлер арасында ұлттық құрама жігіттері 9 алтын, 8 күміс және 14 қола медаль олжалады. Оның ішінде Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері де бар. 51

келіде қолғап түйістірген Сәкен Бибосынов осы турнирдің қатарынан 2 дүркін жеңімпазы атанса, 92 келідегі талантты жерлесіміз Сағындық Тоғамбай да жеңістің шыңын бағындырды. Ол қытайлық қарсыласынан есе қайтарды. Сондай-ақ 71 келіде Темірхан Тезек күміс жүлдегер атанса, 60 келіде Әділет Құрметов пен 71 келідегі Аман Қасымбаев қола медальді місе тұтты. Ал әйелдер арасындағы сайыста 75 келіде күш сынаған Айда Сарибарова қола медальді қанағат етті. Жеңімпаздар қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды. Енді ұлттық құрама боксшылары Париж Олимпиадасына дайындалады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Астанада III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атақтарын қорғап қалды. 6 күнге жалғасқан бәсекеде жұдырықты жігіттер шаршы алаңда бар өнерлерін көрсетті. Ерлер арасында ұлттық құрама жігіттері 9 алтын, 8 күміс және 14 қола медаль олжалады. Оның ішінде Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері де бар. 51 <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>келіде қолғап түйістірген Сәкен Бибосынов осы турнирдің қатарынан 2 дүркін жеңімпазы атанса, 92 келідегі талантты жерлесіміз Сағындық Тоғамбай да жеңістің шыңын бағындырды. Ол қытайлық қарсыласынан есе қайтарды. Сондай-ақ 71 келіде Темірхан Тезек күміс жүлдегер атанса, 60 келіде Әділет Құрметов пен 71 келідегі Аман Қасымбаев қола медальді місе тұтты. Ал әйелдер арасындағы сайыста 75 келіде күш сынаған Айда Сарибарова қола медальді қанағат етті. Жеңімпаздар қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды. Енді ұлттық құрама боксшылары Париж Олимпиадасына дайындалады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар