Елорда прокуратурасы қылмыстық қудалау органдарында азаптаулардың және басқа тергеудің басқа да рұқсат етілмеген әдістерінің алдын алу бойынша кеңестер өткізді
Кездесулер барысында азаптауларға мүлдем төзбеушілік және осы қылмыстар үшін белгіленген жауапкершілік жөніндегі мәселелер талқыланды.
Осы санаттағы істерді тергеп-тексеруді прокуратура органдарына берген сәттен бастап шұғыл тергеу әрекеттерін қысқа мерзімде жүргізуді қамтамасыз ете отырып, әрбір өтініш берушінің дәлелдерін мұқият қарау қағидаты сақталуда.
Тұрақты негізде органдармен "көрінбейтін аймақтарды" жоюға, әкімшілік ғимараттарда қосымша бейнебақылау камераларын орнатуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күні кешенді шараларды жүргізу қорытындылары бойынша осы санаттағы қылмыстардың 80% - ға төмендеуі байқалады.
Астана қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -