Құрметті жерлестер!: Абай облысы, 18 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Құрметті жерлестер!

15:04 бүгін - 18 Желтоқсан 2024 жылдың 1 Абай облысыАбай облысының әкімдігі
Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл күн – ата-бабамыз сан ғасырлар аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн.

Бұл — халқымыздың мызғымас бірлігін айшықтайтын ұлық мереке. Біз осы мерекеде Азаттықтың ақ таңының атуына үлес қосқан, егеменді ел атануымызға атсалысқан ерлердің рухына тағзым етеміз. Бүгінде біздің мемлекетімізді жаһан жұрты бейбітсүйгіш, ырыс-ынтымағы жарасқан ел ретінде таниды.

Еліміздің әлемдік аренадағы биік беделіне барлық отандастарымыз, соның ішінде жерлестеріміз сүбелі үлес қосып келеді.

Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық, егемендіктен қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Мұны көздің қарашығындай сақтау, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау — келер ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз.

Сүйікті Отанымыз – Қазақстан көркейіп, өркендей берсін!Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін.

Құрметпен, Нұрлан Ұранхаев,Абай облысының әкімі

Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл күн – ата-бабамыз сан ғасырлар аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн.

Бұл — халқымыздың мызғымас бірлігін айшықтайтын ұлық мереке. Біз осы мерекеде Азаттықтың ақ таңының атуына үлес қосқан, егеменді ел атануымызға атсалысқан ерлердің рухына тағзым етеміз. Бүгінде біздің мемлекетімізді жаһан жұрты бейбітсүйгіш, ырыс-ынтымағы жарасқан ел ретінде таниды.

Еліміздің әлемдік аренадағы биік беделіне барлық отандастарымыз, соның ішінде жерлестеріміз сүбелі үлес қосып келеді.

Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық, егемендіктен қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Мұны көздің қарашығындай сақтау, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау — келер ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз.

Сүйікті Отанымыз – Қазақстан көркейіп, өркендей берсін!Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін.

Құрметпен, Нұрлан Ұранхаев,Абай облысының әкімі

Аймақтағы жаңалықтар