Елорданың бес жоғары оқу орнының студенттері арасында «Youth Against Corruption: Жастар жемқорлыққа қарсы» кейс - чемпионаты өтті - Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Жастар алауы» жастар ұйымымен бірлесіп, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) қолдауымен «Youth Against Corruption: Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» кейс-чемпионатын өткізді.
Іс-шараға елорданың бес жоғары оқу орнынан (Назарбаев Университеті, Астана IT университеті, Л.Н. Гумилева Еуразия ұлттық университеті, Maqsut Narikbayev University) 30-ға жуық студент қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты жастардың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және кейстік міндеттерді шешу арқылы жемқорлыққа қарсы дағдыларды дамыту болып табылады.
Чемпионат барысында қатысушыларға жемқорлыққа қарсы заңнаманың негіздері, жастардың халықаралық жемқорлыққа қарсы бастамалары, қоғамдық бақылаудың қолданыстағы құралдары, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ғылыми-практикалық аспектілері таныстырылды.
Спикерлер ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, БҰҰ ЕҚБ, «Парламентаризмді дамыту қоры» ҚБ және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері сөз сөйледі.
Алынған білім, сондай-ақ ашық ақпарат көздері негізінде қатысушы топтар жемқорлық жағдайларын талдап, өз шешімдерін ұсынды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -